ШҚО-да мал жаппай қырылып жатыр деген ақпарат жалған деді
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде Шығыс Қазақстанда ауылшаруашылық жануарларының ерекше қауіпті аурулардан өлімі жоқ
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында белгісіз аурудан жаппай мал қырылды деп таратқан БАҚ-тың хабарламасына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап беріп, оны теріске шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ведомствода бүгінгі таңда Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлмегенін хабарлады.
Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған, деп есептейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Следующая →
Ведомствода бүгінгі таңда Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлмегенін хабарлады.
- Өңірдегі шаруашылықтардың бірінде малдың жаппай қырылуы биыл мамыр айының басында болған, - дейді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. - Содан кейін анаэробты энтеротоксиннің салдарынан 102 қозының өлгені анықталған болатын. Сонымен қатар, жайылымдарды тексергенде де улы немесе басқа да зиян ештеңе анықталмады. Үлкен қойларда аурудың белгілері болған жоқ. Осыған байланысты ветеринарлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық иесіне бұл жағдайда өлген малға өтемақы төленбейтіні айтты.Хабарламада 2020 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізгені және қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина егілгені айтылды.
Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған, деп есептейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Тақырыптар:
Массовый падеж скота в ВКО Фейковая информация Акимат ВКО Министерство сельского хозяйства РК