ШҚО аудандарының бірінде 250 миллион долларға ферма салынуы мүмкін
Жаңа ауылшаруашылық нысаны халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, бюджетке жаңа салық түсімдерін беруі керек
Мал шаруашылығы фермасын салу жоспары туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Өңір басшысы хабарлағандай, нысан облыстың Ұлан ауданында салынуы мүмкін.
ШҚО Ұлан ауданында құны 250 млн АҚШ долларын құрайтын мал шаруашылығы фермасын салу жобасын іске асыруға мүдделі облыс әкімі шетелдік инвестормен кездесті.
Даниал Ахметов жұмыс істегісі келетін, ниеті дұрыс инвесторларды қолдауға дайын екенін айтты. Әрине олар Қазақстанның заңын, әсіресе жер қатынастары саласындағы талаптарды басшылыққа алуға және ұстануға тиіс.⠀
Следующая →
ШҚО Ұлан ауданында құны 250 млн АҚШ долларын құрайтын мал шаруашылығы фермасын салу жобасын іске асыруға мүдделі облыс әкімі шетелдік инвестормен кездесті.
- Біздің географиялық жағдайымыз бен ірі елдер – Ресеймен және Қытаймен көршілестігіміз сөзсіз инвесторларды қызықтырады. Өйткені, өсірген және қайта өңделген өнімдерді осы елдердің үлкен нарығына жеткізу жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов.Сонымен қатар, ол дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен экспорттау көлемін арттыруға мүдделі екенін айтты. Агробизнес пен жоғары үстеме құны бар шикізаттық емес тауарлар экспорты - бұл ауылды жерлерде ашылатын жаңа жұмыс орындары, қосымша салық түсімі, өңір экономикасының өсіміне оң серпін береді және ауыл шаруашылығы мен фермерлік өнімді қайта өңдеу саласын тұрақты түрде дамытуымызға ықпал етеді.
⠀