Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

"Жастар-Отанға" бағдарламасы бекітілді

Бүгін облыс әкімі, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросы отырысы өтті

Жиында  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға" бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтық жол картасы бекітілді.

Nur Otan партиясының жанындағы Jas Otan – жастар қанаты, 21 жылдық тарихы бар, еліміздегі барлық санаттағы жас азаматтардың мүддесін білдіретін ең ірі жастар ұйымының негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың  21 тамызында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Жастар – Отанға!" бағдарламасы әзірленді.

Жалпы Jas otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасын іске асыру бойынша бұған дейін ШҚО жастарына арналған 20 жол картасының (облыстық - 1, қалалық - 4, аудандық - 15) жобасы әзірленген болатын. Мұнда Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары және партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жастарға арналған тармақтарын ескере отырып, жалпы саны 22  индикатор мен 46 іс-шара жоспары енгізілді.

Қамтылған индикаторлар мен іс-шаралардың барлығы "Жастар Отанға" бағдарламасындағы 5 бағыт бойынша дайындалды. Атап айтқанда, азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақыттарын тиімді өткізу. 

Мұның барлығының нақты іс жүзінде жүзеге асырылуын Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес қадағалайтын болады.

Сонымен қатар,  жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Nur Otan партиясының  сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған  Жол картасының орындалуы барысы туралы ақпарат берілді.
Следующая →