Алып ағаштар Өскемен қаласы тұрғындарының үрейін ұшыруда
Қала тұрғындары көп жыл бойы тұрған алып ағаштар біреудің үстіне құлап кетуі мүмкін деп дабыл соғуда
Редакцияға Буров көшесі, 20-үйдің ауласындағы жасыл желектердің жағдайына алаңдаған оқырманнан хат келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Ағаштар құлап жатыр. Ескі ағаштарды ешкім кескісі келмейді, - деп шағымданды қала тұрғыны. - Біздің аула қалың орман сияқты. Ағаштар өздігінен құлап жатыр. Шара қолдану керек...Қала әкімдігі тұрғындарға өздерінің ПИК-ке жүгінуіне кеңес береді.
- Мұндай мәселермен ПИК компаниясы айналысады. Аула тұрғындары кооперативке жүгінуі тиіс, - деп түсіндірді облыс орталығы әкімінің баспасөз қызметі - Әрі қарай, ПИК бізден кесуге рұқсат алады. Осыдан кейін олар тұрғындардан жиналған ақшаға ағаштарды кесу және ағаш кесетін мамандар жалдауы тиіс.Қала әкімшілігі мәлімдегендей, бұл үйлерде зейнеткерлер немесе аз қамтылған отбасылар тұрса және бұл жұмыстарды жүргізуге қажетті сома жиналмаса, әкімдік көмектесе алады. Мұндай жағдайда әкімдік қызметкерлері қалалық коммуналдық қызметтерден үйлердің жанындағы ескі ағаштарды кесуге көмектесуін сұрайды.