Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Слонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғындарының мазасын масалар қашырып жүр

Облыста жаздың жайма шуақ ауа райы орнай салысымен, әлеуметтік желілердегі жергілікті адамдардың ашуланған жазбаларына толып кетті

Тұрғындар кешке серуенде, түнде үйде болғанда масалар мен шіркейлер  маза бермейтінін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.  Біз бұл мәселе Семейде де орын алғандығы туралы жазған болатынбыз. 

Қансорғыш жәндіктер маза бермей жатқан тек семейлік тұрғындар ғана емес, Шемонаиха ауданын тұрғындарында шағымдануда. 

Жергілікті ТҮКШ басқармасы биыл аудан аумақтарын дезинсекциялау және дератизациялауға бір жарым миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты. Оның ішінде 750 мың теңгеден астамы дератизацияға (кеміргіштермен күресу), 680 мың теңге зиянкестермен күресуге,  200 мың теңгеге жуық арамшөптерді  улауға арналған.
 - Биыл масалар өте көп. Өйткені қыс жылы, қар көп болды. Масалар жақсы қыстап шығып,  қазір белсенді түрде көбеюде, - дейді "Шемонаиха дезстанциясы" ЖШС директоры Елена Блинова. - Зиянкестермен күресу тиімді болу үшін дезинсекциялауды маусымда кем дегенде екі рет жасау керек. Бірақ ауданда бұл жұмыстар біз жұмыс істейтін техникалық шарттарға сәйкес бір рет қана жүзеге асырылады.  Егер аудан тұрғындарын кенеттен зиянды жәндіктерді тітіркендіре бастаса, бізбен байланысып, келісім жасасып, аумақты дезинсекциялау қызметін ала алады. Бұл жағдайда тұрғындар өз үйлерінен үш күнге кетіп,  кейін  тазалық жұмыстарын жүргізуі керек.
Елена Блинованың айтувнша, биыл ауданда Усть-Таловка, Шемонаиха, Верх-Уба, Выдриха маңында төрт гектарға жуық жерде өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет.

- Өсімдіктер масалардың пайда болуына да себеп болуы мүмкін, - дейді Елена Блинова. - Шемонаихада оны тазарту жұмыстары нашар жүргізілуде. Саябақтардағы арамшөптерді жұлу, жеке үйлердің айналасындағы көптеген бұталар кесу жәндіктердің пайда болуын едәуір азайтады. Елді мекендерге жақын жағалаулар мен арықтардағы арамшөптерді шабу керек.

Айта кетейік, масалармен белсенді күрес облыс орталығында да жүріп жатыр. Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің хабарлауынша, мамандар арнайы тізім бойынша учаскелерде дезинсекциялық өңдеулер жүргізуде. Өңделген аудандардың арасында Комендантка аллеясы, Комсомольский аралы және т.б. жерлер бар. Жаз мезгілінде дезинсекция үш рет жүргізіледі.


Следующая →