Өскемен маңы жасылдандырылмақ
Мамандар бірнеше мың гектар жерге әр түрлі түр мен мөлшердегі ағаштар отырғызады
Облыс орталығының айналасында ағаштар егу былтыр басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Мамандар көшеттер отырғызуға қолайлы жерлерді анықтау үшін 5000 гектарға жуық жерді зерттеді.
Следующая →
- Зерттеу нәтижелері бойынша 4000 гектарға жуық алқап ағаш отырғызуға жарамды болып шықты, - дейді ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Дәурен Асылханов.- Алқаптарға ағаш отырғызу арқылы, Өскеменнің айналасында өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады деп күтудеміз.Шенеуніктің сөзінше, қаланың айналасындағы жасыл белдеулер экологиялық пайда әкеліп қана қоймай, аумақтың сыртқы келбетін жақсартады. Дәурен Асылхановтың айтуынша, жасыл желекті отырғызу алдағы үш жылда жүзеге асырылады. Мамандар жер бедері, топырақ құрамы мен көгалдандыру аймақтарына жақын орналасқан су көздеріне байланысты әр түрлі түр мен мөлшердегі ағаштарды отырғызады.
Тақырыптар:
Управление природных ресурсов и регулирования природопользования ВКО Высадка деревьев в ВКО Даурен Асылханов