Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде көркем фильм түсірілді

Елімізде "Дос Мұқасан" шығармашылық ансамблінің тарихына арналған көркем фильм түсіріліп жатыр

Фильмнің түсірілімі Өскемен қаласында да жүрді. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 
- Еліміздің мәдениеті мен тарихы туралы маңызды кинематографиялық туындының біздің шаһарда түсірілетініне өте қуаныштымын. Жоба мен оның авторларына шын жүректен табыс тілеймін, - дейді қала басшысы Жақсылық Омар.
Фильмнің авторларын қаладағы кеңес заманынан қалған сәулет үлгілері  қызықтырған екен. Ең бірінші кезекте - бұл Металлургтер мәдениет сарайы мен оның маңындағы ғимараттар. Айта кеткен жөн,  фильмнің режиссері Өскеменнің тумасы - Айдын Сахаман. 
-  Металлургтер мәдениет сарайы сияқты сирек кездесетін  бірақ қалпына келтірілген ғимараттар барда компьютерлік графикасыз түсіруге мүмкіндік тудырады. керемет, - дейді режиссер Айдын Сахаман. - Қала әкімінің, мәдениет бөлімінің қызығушылығы мен көмегі біздің сапамызға әсер ететіні сөзсіз.
Айта кету керек, 1970 жылдардың фильмінің атмосферасына сән келтірген бұрынғы Металлургтер Мәдениет сарайы аумағының архитектурасы, ала-нүктелі көйлек киген қыздар мен "классикадағы" жігіттер ғана емес, "Машина времени" қалалық клубының ретроавтокөліктері керемет үйлесін тапты. Клуб  жеті жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жеке көлік паркінде кеңес дәуіріндегі шамамен 12 аңызға айналған  ГАЗ-69, ГАЗ-21 "Волга" және ГАЗ-24-10 "Волга" автомобильдері бар. Жылына қарамастан, ұсынылған машиналар жаңа болып көрінеді. Жиынтықтағы ең жаңа машинаның жасы 50-ден асады. 
Следующая →