Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласының жаңа 19 шағын ауданында монумент салынады
- Монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш биіміз - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Монументтің екі жағында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңдар жинағының үзінділері жазылмақ. Монументтің басында Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек бейнелері орналасқан. Мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады. Аумағы 6756 шаршы метр құрайды, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.Кешеннің жалғасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа аллея болмақ. Мұнда Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлының құрметіне ескерткіш қойылады.