ШҚО күн райы күрт суытады деп күтілуде
«Казгидромет» ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес 04 маусымда облыстың кей жерлерінде найзағай, дауыл соғып, бұршақ күтіледі
Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бесқарағай, Үржар аудандарында, Семей қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Өскемен және Семей қалаларында 4 маусымда найзағай күтілуде. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, - деп ескертеді ШҚО ТЖД.
5 маусымда облыста жаңбыр, түнде кей жерлерде нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады.
5 маусымда күндіз ауа температурасы 10-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін деп күтілуде. Ал 5-6 маусымда түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтілуде.
Нөсер жауынның салдарынан 4-5 маусымда облыстың таулы аудандарында өзендегі су деңгейінің көтеріліп, беткейден ағуы мүмкін.
Найзағай кезінде әдетте қатты жел соғуы мүмкін, сондықтан да тұрғындар мүмкіндігінше үйде қалып, және де үйдегі тұрмыстың электрқұралдарын сөндіріп, ашық терезенің жанына тұрмауы керек.
Следующая →

- Көшеде жүргенде биік ағаштардың астында және қоғамдық көлік аялдамаларында найзағайдан жасыруыңызға болмайды. Егер сіз найзағай болған жағдайда су қоймасында болсаңыз, онда жүзуге, су қоймасының жақын маңында отыруға, қайықта жүзуге, балық аулауға болмайды, - деп ескертеді құтқарушылар. - Егер нөсер жауын кезінде автокөлікпен жүрсеңіз, оны жолдың шетіне қойып, найзағайдың басылғанын күтіңіз. Бірақ жарнамалық тақтайшалардың немесе әлсіз бекітілген құрылымдардың жанына көлікпен тоқтамаңыз. ТЖ туындаған жағдайда 112-ге қоңырау соғыңыз.