ясно
°
$
502.27
+0.48
597.15
+2.08
¥
72.22
+0.06
6.57
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да бір тәулікте 85 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде өткен тәулік бойынша коронавирус жұқтырған 1385 адам анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің Коронавирустық инфекцияны  таратпау жөніндегі мекемесі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы  науқастар саны бойынша қалалар мен облыстар арасында бірінші орында тұр. Індет жұқтырған адам саны - 272, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Эпидемиологиялық ахуал бойынша  Қарағанды облысы екінші орында – тәулікте 205 жағдай тіркелген. Алматы қаласы сырқаттанушылық деңгейі бойынша алғашқы үштікті 203 науқаспен жабады. 

Жалпы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 390 376 қазақстандық тіркелген. 
Сонымен қатар, өткен тәулік ішінде Қазақстанда 2575 адам коронавирустан  айыққан. Оның 149-ы ШҚО тұрғыны.

Следующая →