Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
    +7°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    +4°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тәртіп сақшылары жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысында «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы басталды

Жыл сайын 1 маусымнан бастап бүкіл республика аумағында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі,  деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Іс-шараның негізгі мақсаты есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, республиканың оңтүстік өңірлерінің аумақтарында өсетін жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу болып табылады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жаз-күз мезгілі құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер, атап айтқанда «тетрогидроканнабинол», яғни марихуана, гашиш жасалынған қарасора өсіп-өнетін уақыт.

Операцияны жүргізудің тағы бір мақсаты ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және ҚР ӘҚБтК-нің 420-бабына сәйкес жабайы сораны жоюға бағытталған шараларды қабылдамау фактілерін анықтау болып табылады.
- Оңтүстік өңірлерден жабайы өсетін сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін ШҚО аумағында 4 жедел-мобильді топ құрылды, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. - Жыл басынан бері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 638 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бес ай көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 120 факт анықталды, оның ішінде 91-і сату мақсатында екені анықталды.
«Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ОПМ "Қарасора" ДП ВКО Изъятие наркотиков