"Өскемен ЖЭО" ЖШС-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды
Кәсіпорын ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды
"Өскемен ЖЭО" ЖШС қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен тарифті бекіту кезінде шығындары ескерілген қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтамау бөлігінде заңнаманы бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 5-тарауының 6-параграфына сәйкес Қазақстан Республикасының электрондық сауда алаңдарында жүзеге асырылатын электрондық сауда алаңдары арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібі айқындалған.
Субъект тарапынан сатып алуды өткізу қағидаттары бұзылған, атап айтқанда:
Сондай-ақ субъект "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 18) тармақшасын бұзған, атап айтқанда тарифті бекіту кезінде шығындары ескерілген қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру тәртібі сақталмаған.
Осыған байланысты, Заңның 26-бабы 2-тармағының 18) тармақшасын, қағидалардың 49-тармағын бұзғаны үшін, атап айтқанда тарифті бекіту кезінде шығындары ескерілген қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтамағаны үшін, осы Заңның 23-бабына сәйкес "Өскемен ЖЭО" ЖШС 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл төлей отырып, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, ШҚО бойынша ТМРК табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.
Следующая →

- барлық әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік.