Өскемендегі Сол жағалау саябағында өрт шықты
Облыс орталығындағы ең танымал демалыс орындарының бірінде өрт оқиғасы орын алды, терек мамығы өрттің себебі болуы мүмкін
Сол жағалау паркінің аумағында шөп өртенді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Сигнал алғаннан кейін төрт автоцистернада жеке құрамның 22 адамы дереу оқиға орнына шықты, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - 300 шаршы метр аумақта және саябақ аумағынан тыс 2,2 га жерде өрт сөндірілді. Өрт оқиғасының алдын ала себебі - мамықтың жануы деп қарастырылуда.ШҚО ТЖД өрттің шығуына жол бермеу мақсатында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады:
- жасөспірімдер мен балалардың мамықты жағуға байланысты кез келген ойындарын тоқтату;
- өз балаларына терек мамығын жағуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру;
- мамық жиналатын жерлерді, әсіресе ағаш құрылыстардың маңын үнемі тазалап отыру, мамықты ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу;
- кәсіпорындар мен ұйымдарда темекі шегу тәртібіне бақылау орнату;
- қоқысты өртемеу;
- сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамау;
- өрт орын алған жағдайда 101-ге қоңырау шалыңыз.
Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске ДЧС ВКО Зоны отдыха в Усть-Каменогоске Пожар в Левобережном парке