Өскемен өзінше ерек, заңдары да бөлек
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа
"Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп ел таны" деп сайын даланың түкпір-түкпірінде жортып, шартарапты шарлап өткен ілгерідегі бабаларымыз "әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген тәмсіл қалдырған екен. Иә, әр бөлек мемлекеттің, ондағы халықтардың тұрмыс-салты, өмір сүру дағдысы, заң-тәртібі әр түрлі болатыны түсінікті. Алайда бүтін елдің ішіндегі ұйысқан бір ұлттың сөздері, мінез-құлқы, әдеті бір-біріне ұқсамауы - дұрыс емес. Айырмашылықтың басты себебі - халықтың батыс пен шығысқа, оңтүстік пен солтүстікке және орталыққа бөлініп орналасуы.
Өскемен - Алтай таулары мен Қалба жоталарының арасында, 80 метрлік тау сілемдерінің қоршауында, Ертіс пен Үлбінің түйіскен тұсында орналасқан шығыстың басты шаһары. Қаланың жалпы аумағы - 20 284 гектар. Тұратын халық саны - 340 мыңнан асады. Соңғы ресми деректер бойынша қазақтардың саны - 150 мыңнан астам, орыстар - 170 мың шамасында. Ежелден қоныстанған жұрттың басым көбі наймандар мен керейлер.
Бұл шаһар патшалық Ресейдің отарлауы басталған кезде орыс-казактардың, қала берді большевиктердің талауына алғаш болып түсіп, табанына тапталған тұңғыш өлкелердің бірі. 1720 жылы бекіністің іргетасын қалаған басқыншылар жерімізді талқыға түскен терідей қылып қасиеті мен киесінен айырса, елімізді Ертістің бойынан түре қуып, түркінің дәуірінен бұзылмай сақталған қазақылығының қаймағын сыпырып алды. Міне, содан бастап шығыс аймақты мекен қылған қазақтың мінезі де, санасы да, салт-дәстүрі де, менталитеті де өзгерді. Күштеп өзгертті. Тарбағатай мен Катонқарағай, Көкпекті мен Аягөз, Күршім мен Глубокое, Үржар мен Ұлан, Зайсан мен Шемонаиха тұрғындары бір облыстың ішінде бола тұра бір-біріне ұқсамайды. Семей жақтағы Абай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының халқы мүлде бөлек.
Қазір шығыстың шекарасынан аттап шығып, Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Жезқазған, Маңғыстау өңіріне бара қалсаңыз болды "о-о-ой, Өскемен деген орыстанған жер емес пе, адамдары сондай да бұндай" дейтіндер жетіп артылады. Оған өзіміз де кінәлі шығармыз. Расымен де, егер мән беріп байқап қарасақ, мына біздің "тасқалада" басқаға ұқсамайтын өзгеше бір тыныс-тіршілік қалыптасқан. Бәлкім бұл - басқа ұлттармен араласып өте ұзақ уақыт тұрғандықтан, тіпті сол кезде өзге ұлттардың саны қазақтан әлдеқайда көп болғандықтан қан мен сүйекке сіңіп қалған түсінік пе екен?! Не де болса сырттан келген қонаққа көзге шыққан теріскендей бірден көрініп тұратын кемшіліктеріміз көп. Өскеменде:
тырар болсақ, Риддерде кешкі сегізден кейін меңіреу тыныштық орнайды екен. Тұрғындарының көшеден тамақтану, қонақтарды бір жерде қарсы алу, отырып тойлау дегенге бойлары үйренбеген. Неғұрлым өзімен-өзі болып, керек дүниесін сатып алып, үйде отырғанды жақсы көреді. Алапат өрт болардан бір ай бұрын барғанымда ашық тұрған екі дәмхана, бір мейрамхана ғана болды. Ашық тұрған емес, бары сол ғана сияқты.
Өткен аптада Тасқұйғанның бірқатар ерекшеліктерін зерттеп, тәжірибе жасап көрдім. Кішітау мен қала арасында төрт күн қатарынан "по пути" қатынадым. Қазақстан көшесіндегі Қасым Қайсенов аялдамасында 20 минут қол көтеріп тұрғанымда бір көлік тоқтады және бірден ала кетті. Өйткені бізде жолай "таксовать ету" деген жоқ. Ал егер тоқтап ала кетсе, ол сізден бір де бір тиын алмайды. Межелі жеріңізге маңайлатып тегін жеткізіп тастайды. Өтепов көшесіне дейін келіп, түсетін кезде мен оған ақша берген жоқпын, ол да сұраған жоқ. Түнгі 11.00-лерде де Сәтпаев даңғылынан орталық базарға дейін тура осы әдіспен қайтып жүрдім. Жарты сағатта "күткен көлігім" де тоқтап, үндемей отырғызып алып кетті. Тағы бір айта кетерлік дүние, машиналар таңғы, күндізгі уақытта ешқашан тоқтамайды және қуыстағы аялдамаларға, кішкентай көшелердің бойына кідірмейді. Маңызды, басты деген көшелердің бойына шығып қана қол көтере аласыз. Заман құбылғанмен адамның бәрі бірдей өзгеріп кеткен жоқ қой. Жүз адамның ішінен құдайға қараған, қарапайым, қайырымды бір адам міндетті түрде кездеседі.
Дүкен мен базар аралағанда алдыңыздан елпектеп шығатын Алматы мен Шымкенттің саудагерлері жоқ бұл жақта. Шеке-басы тырысқан, клиентпен ұрысқан, қабағынан қар жауып, екі қолын айқастырып алып тұрған сатушылары бар бутиктерден қашып жүрмін. Қашан көздері күлімдеп, алдына келмек түгілі қасынан өткенді алдап, арбап мойнын бұрғызып алатын кісі ұшырайды деп. Аңғарғаным, әзірбайжан, армян, түрік, өзбек ұлтының алыпсатарлары мен кәсіпкерлері ондайға шебер екен. Іші-бауырыңа кіріп сөйлегенде ұялғаныңнан және сені сыйлап тұрғаны үшін бір затын аласың. Біздің қазекеңнің де төбесі көрінді-ау. Айқайлап тұр. Бір базарда біреу бар екен ғой. Жарнамалап тұрғаны аяқ киім. Іштей риза болдым да, қасынан өте бердім. Сауда орталықтарын аралап, сусын іздедім. Жүздерінде мейірім жоқ, тесіліп және сазарып қарағанда жанары өңмеңіңнен өтетін көңілі салқын жандар не деген көп. Бәріне не болған?! Жетісіп жүрген ешкім жоқ қой, әйтпесе. Кіреберістегі бір қазақ апайымыз ғана жылы-жұмсақ сөйлеп, көңілді тұр екен. Жалғыз сол кісі ғана.
Былтыр Өскеменге "қымыздан жасалған балмұздақ" деген жаңалық алып келген Берік Рахметқалиев бұрыннан қалыптасқан таптаурынды бұзып жүрген әрі кәсіпкер, әрі сатушы.
Сайы жоқ саясында гүл өспеген,
Самалы сыбырлайды бір ескі өлең.
Киесін Алтай-әжем құрмет тұтқан
Бабамның бөркі шығар бұл Өскемен.
Тағдырын кешкен сол ұл Көрғұлының,
Тәңірім, енді ұзартып бер ғұмырын.
Шығыстың шаңырағы жүрген сынды
Шайқалып шүйдесінде Кербұғының.
Ертістің суыңда да ырыс қайнап,
Майлайсың мұртыңды енді, мырышты аймақ.
Түбінде қазаныңның тұрсын қаспақ
Қыр асып, қиыр шетке жылыспай бақ.
Бір тылсым бар секілді шипаңда да,
Көзімді кіреукелеп ұйқы, алдама.
Есімді есеңгіреп жиып тұрмын,
Тауып бер тарихымды, титан қала!
Қайырымы аздау, мейірімі жүдеу, қатып қалған тәртіп пен заңға еріксіз бағынған адамдары бар, өндірістің ошағына айналған осынау күншығыс шаһарын расымен титан ба дерсің..!
Следующая →

Өскемен - өгей қала

- Қоғамдық көліктер жаздыгүні әрі кеткенде сағат кешкі 9.00-ге дейін ғана жүреді. Ал қыстыгүні 8 жарымнан кейін көшеден автобус көрмейсіз. Тек шойынжолды гүрілдетіп трамвай жүреді демесеңіз;
- Жол жиегінен қол көтеріп такси ұстай алмайсыз. Жигули тізгіндегендердің өзі "мынау неғып тұр" дегендей менсінбей қарап өтеді. Тек белгілі мекенжайға шақырту арқылы такси қызметін қолдана аласыз;
- Дүкен, сауда үйі, дәмхана, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарының барлығы тура 23.00-де жабылады. Түнімен жұмыс істейтін клубтар мен лаунж-барларды санамағанда. Олардың да өнері таңғы 4-ке дейін ғана созылады;
- Жиырма төрт сағат жұмыс істейтін дүкендер жоқтың қасы. Санаулы жерде ғана ашық тұратын азық-түлік дүкенін бәрін білетін кісі тауып бармаса немесе 2GIS картадан қарамасаңыз, табу қиын;
- Базардағы сатушылар шектен тыс салмақты, сұсты. Алдына келген тұтынушысына "алсаң ал, алмасаң қой" деп әкіреңдеп, зіркілдеп, тұратын сатушылардан біреу бірдеңе ала ма деп ойлаймын кейде;
- Қазақстан бойынша тәртіп сақшылары мен ұлттық ұлан сарбаздарының, жол патрульдік полициясының ең көп шоғырланған шаһары. Мысалы, кез келген көшеде темір тұлпар айдап кетіп бара жатсаңыз, полиция көлігінің біреуі алдыңызда, біреуі артыңызда келе жатады. Қарама-қарсы кетіп бара жатқан біреуін және көресіз. Онымен қоймай, жол шетінде таяғын көтеріп ереже бұзғандарды тоқтатып тұратыны тағы бар. Қарағанды мен Талдықорғаннан, Алматы мен Астанадан өз мәшинелерімен келетіндердің қатты таңғалатыны да осы.
тырар болсақ, Риддерде кешкі сегізден кейін меңіреу тыныштық орнайды екен. Тұрғындарының көшеден тамақтану, қонақтарды бір жерде қарсы алу, отырып тойлау дегенге бойлары үйренбеген. Неғұрлым өзімен-өзі болып, керек дүниесін сатып алып, үйде отырғанды жақсы көреді. Алапат өрт болардан бір ай бұрын барғанымда ашық тұрған екі дәмхана, бір мейрамхана ғана болды. Ашық тұрған емес, бары сол ғана сияқты.
100-дің біреуі ғана қайырымды
Өткен аптада Тасқұйғанның бірқатар ерекшеліктерін зерттеп, тәжірибе жасап көрдім. Кішітау мен қала арасында төрт күн қатарынан "по пути" қатынадым. Қазақстан көшесіндегі Қасым Қайсенов аялдамасында 20 минут қол көтеріп тұрғанымда бір көлік тоқтады және бірден ала кетті. Өйткені бізде жолай "таксовать ету" деген жоқ. Ал егер тоқтап ала кетсе, ол сізден бір де бір тиын алмайды. Межелі жеріңізге маңайлатып тегін жеткізіп тастайды. Өтепов көшесіне дейін келіп, түсетін кезде мен оған ақша берген жоқпын, ол да сұраған жоқ. Түнгі 11.00-лерде де Сәтпаев даңғылынан орталық базарға дейін тура осы әдіспен қайтып жүрдім. Жарты сағатта "күткен көлігім" де тоқтап, үндемей отырғызып алып кетті. Тағы бір айта кетерлік дүние, машиналар таңғы, күндізгі уақытта ешқашан тоқтамайды және қуыстағы аялдамаларға, кішкентай көшелердің бойына кідірмейді. Маңызды, басты деген көшелердің бойына шығып қана қол көтере аласыз. Заман құбылғанмен адамның бәрі бірдей өзгеріп кеткен жоқ қой. Жүз адамның ішінен құдайға қараған, қарапайым, қайырымды бір адам міндетті түрде кездеседі.
Алматы мен Шымкенттің саудагерлері жоқ бұл жақта
Дүкен мен базар аралағанда алдыңыздан елпектеп шығатын Алматы мен Шымкенттің саудагерлері жоқ бұл жақта. Шеке-басы тырысқан, клиентпен ұрысқан, қабағынан қар жауып, екі қолын айқастырып алып тұрған сатушылары бар бутиктерден қашып жүрмін. Қашан көздері күлімдеп, алдына келмек түгілі қасынан өткенді алдап, арбап мойнын бұрғызып алатын кісі ұшырайды деп. Аңғарғаным, әзірбайжан, армян, түрік, өзбек ұлтының алыпсатарлары мен кәсіпкерлері ондайға шебер екен. Іші-бауырыңа кіріп сөйлегенде ұялғаныңнан және сені сыйлап тұрғаны үшін бір затын аласың. Біздің қазекеңнің де төбесі көрінді-ау. Айқайлап тұр. Бір базарда біреу бар екен ғой. Жарнамалап тұрғаны аяқ киім. Іштей риза болдым да, қасынан өте бердім. Сауда орталықтарын аралап, сусын іздедім. Жүздерінде мейірім жоқ, тесіліп және сазарып қарағанда жанары өңмеңіңнен өтетін көңілі салқын жандар не деген көп. Бәріне не болған?! Жетісіп жүрген ешкім жоқ қой, әйтпесе. Кіреберістегі бір қазақ апайымыз ғана жылы-жұмсақ сөйлеп, көңілді тұр екен. Жалғыз сол кісі ғана.
Былтыр Өскеменге "қымыздан жасалған балмұздақ" деген жаңалық алып келген Берік Рахметқалиев бұрыннан қалыптасқан таптаурынды бұзып жүрген әрі кәсіпкер, әрі сатушы.
- Мен үнін шығармай, тіпті сәлемнің өзін ернін жыбырлатып қана қабылдайтын саудагерлерді түсінбейтін. Бұл сауда үйі ғой, әкімшілік емес. Сен тимесең, мен тиме деп тұратын олардікінен гөрі, даусымды қатты шығарып, клиеттерді айқайлап шақырып алатын менің саудам жақсы жүреді. Бұл - эффект. Екінші нүктеде тұратын студент қыздардан да соны талап етемін. Ұялшақ па - жұмысқа алмаймын. Сатқан соң осылай сату керек, жұрттың бәрін таң қылып. Үйреншікті комплексті алып тастау керек қазіргі заманда, - дейді Берік Рахметқалиев.Бірде ақын Жүрсін Ерман кенді Алтайға сапарлап келіп, қайтарында шабыттан туған мынадай бір өлең арнап кеткен еді: