Риддердегі өрттен жапа шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр
Үйлері жанып кетіп баспанасыз қалғандарға әскери қызметкерлер қажетті дүниелер беріп жіберді
Мемлекеттік қызметкер, әскери сарбаз өзінің көмегін Курчатов қаласындағы Достық үйіне - еріктілер қозғалысының орталығына апарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Риддер орман шаруашылығы кәсіпорнында болған өрттен зардап шеккендерге командир, подполковник Талант Саденов бастаған 3514 әскери бөлімінің келісімшарты бойынша офицерлер мен әскери қызметшілер қолдау көрсетті.
Следующая →

- Жауынгерлер Достық үйінің директоры Әсемгүл Калимолдинаға қажетті заттарды тапсырды. Басқа күн туған мұндай қиын-қыстау кезеңдерде қалыс қалып шетте тұру мүмкін емес екен. Қазақстан - бір үлкен, тату-тәтті отбасы. Біз өрттен зардап шеккен қала тұрғындарының қайғысына шын жүректен ортақтасамыз, - деп қолдау білдірді Шығыс Қазақстан ТЖК баспасөз қызметінде.Естеріңізге сала кетейік, Риддердегі өрт осы аптаның басында болған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, жергілікті тұрғындардың 30-дан астам үй өртеніп кетті.