Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақжардағы арықтарды ауыл меценаты тазалатып жатыр

Өткен аптада Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Сарықасқа және Құлжабай тоғамдарының қоқысқа толып, қараусыз жатқанын жазған едік. Арада апта өтпей жатып ақжарлықтардан қуанышты хабар келді

Тарбағатайдың тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты, меценат Қайрат Қожахметов ауылдағы арықтарды өз қаржысына тазалауды бастапты.
- Жерлесіміз Қайрат Қабдешовке халық алғысын білдіріп жатыр. 20 жылдай арнасы бітеліп тазаланбаған тоғамдарды Үржардан арнайы техника алдырып, өз қаржысына тазалап жатыр. Ол кісінің жұмысына сәттілік, отбасына жақсылық тілеймін, - дейді арықтардың ахуалын алғаш айқайлап айтқан Өмірхан Қанағатов.
Екі каналдың мәселесі сөз болған мақаланың астында тарбағатайлықтар ризашылықтарын білдіріп, ескерту айтуды да ұмытқан жоқ.

85.jpg
- Әркім өз ауласын таза ұстаса ауылымыз таза болары сөзсіз. "Ақжар тазалықтың" қызметкерлеріне сілтей салып, бос отыруға болмайды. Көшедегі әрбір дүкен иелері, сіздер өз дүкендеріңіздің алдына қоқыс жәшіктерін қойып, ауланы таза ұстауларыңыз керек. Ақжар ауылы әкімшілігі енді көшелерге қоқыс жәшіктерін қойса жақсы болар еді. Ал орталық тоғамға және аулаларға қоқыс төккендерге айыппұлды аямай салыңыздар. Қажет болса, ескерту қағаздарын да іліп, тарату керек, - деді Дәулет Чакеров ауыл әкімдігі мен жерлестеріне құлаққағыс қылып.
Сонымен бірге, Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2021 жылы аудан бойынша 16 200 гектар суармалы егістік жерді игеру жоспарланған. Оның ішінде 1280 гектарға бидай, 1188 гектарға арпа, 40 гектарға сұлы, 400 гектарға мал азықтық жүгері, 50 гектарға майлы дақыл, 619 гектарға картоп, 342 гектарға көкөніс, 327 гектарға бақша дақылдарын, 1110 гектарға көп жылдық шөптерді егу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

11 241 гектар алқапта бұрыннан келе жатқан көпжылдық шөптер егістігі орналасқан. Бүгінгі күні 1492 гектар егістік өңделді. 80 гектарға бидай, 160 гектарға арпа, 410 гектарға көпжылдық шөптер тұқымы себілді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Следующая →