ШҚО-да жыл басынан бері 300 гектарға жуық орман өртенген
Облыста бірнеше ай ішінде 1200 гектардан астам аумақта 50 өрт болған
ШҚО-дағы өрттің көбі бір-ақ себептен орын алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті көп жағдайда тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы өртке әкеліп соқтыратынын өкінішпен атап өтті.
Өрттің алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД-де 69 мобильді топ құрылған. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдарының, полицияның, орман шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері кіреді. Биыл топ 139 рейд жүргізіп, нәтижесінде 200-ден астам бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, биыл облыста өрт қаупі жоғары кезең басталғаннан бері 295 гектардан астам аумақта 16 орман өрті және1200 гектардан астам аумақта 50 шөп өрті болған.
Следующая →
- Өрт адамдардың кінәсінен шығады, - дейді аймақ құтқарушылары. - Өрттің пайда болу себептерінің ішінде бірінші кезекте ашық отпен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық, сөндірілмеген өрт, темекі қалдықтары, әйнектен күн сәулесінің сынуы нәтижесінде өрт шығады.