ШҚО-да Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мас күйіндегі автокөлік айдады
Жолда заңды өрескел бұзғаны үшін азаматшаның басы дауға қалды
33 жастағы елорда тұрғыны түнгі сағат 00.50 шамасында ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматша өзінің Mercedes-Benz көлігімен мас күйінде Семей қаласына қарай бет алған. Сонымен қатар, полицейлердің анықтауынша ол бұрын үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
ШҚО ПД хабарлауынша, жыл басынан бері аймақта мас күйінде көлік тізгіндеген 33 жүргізуші ұсталған.
Следующая →

- Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді полиция. - Сарапшылар сот сараптамаларын жүргізеді. Мұндай бұзушылық жасағаны үшін ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
ШҚО ПД хабарлауынша, жыл басынан бері аймақта мас күйінде көлік тізгіндеген 33 жүргізуші ұсталған.