Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Nur Otan партиясы облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясы өтті

Өскеменде Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясы өтті, онда есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары қаралды, өңірлік филиалдың Саяси кеңесі мүшелері сайланды және алдағы кезеңге міндеттер айқындалды

Облыстық конференцияны өткізу алдында жоғары ұйымдастырушылық – саяси деңгейде 288 бастауыш партия ұйымының жиынымен 20 аумақтық филиалдың есеп беру және сайлау  конференциялары өткізілді. 

2019-2020 жылдар аралығында партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, Жол картасын орындауға байланысты алдағы кезеңге партия қызметінің басым мәселелеріне баса назар аударды.
 
Өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, ауыл шаруашылығы саласын, өнеркәсіптік өндірісті, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін ерекше тоқталып, коронавирусқа қарамастан 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму жоспарлары барлық көрсеткіштер бойынша орындалғанын атап өтті.
- Облысымыздағы  партия ұйымдарында праймериз өткізу кезеңі, электоралды кезең және сайлау науқаны кезеңі жоғары жауапкешілікпен жүзеге асырылды. Партия басшылығы мен Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді біз орындадық: депутаттар арасында 30% – дан астамы-29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар; 20% - ы-35 жасқа дейінгі жастар. Орташа жасы - 43 жас". Біздің облыста праймеризге 1054 партия мүшесі қатысты, рейтинг қорытындысы бойынша партиялық тізімдерге 542 кандидат тіркеуден өтті. Сайлауда облыс сайлаушыларының 84% - дан астамы Nur Otan партиясын қолдап дауыс берді, - деді Даниал Ахметов. 
Сондай-ақ BIRGEMIZ республикалық акциясы аясында халықтың аса мұқтаж 7 тобының өкілдеріне 50 000 теңгеден ақша аудару түрінде көмек көрсетті.
2,5 млрд.теңгеден астам қаражат 50 мыңнан астам мекен – жайы бойынша  облыс тұрғындарына аударылды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне  және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне жалпы 16 мың адамға, азық-түлік себеттері табысталды.

Өз сөзін аяқтай келе, өңір басшысы бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық және өңірлік филиалдарының жұмысындағы негізгі басымдық, сөзсіз, "Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір" Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әрбір ауданның, қаланың, облыстың Жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініштері мен ұсыныстарын бақылауды ұйымдастыру және мінсіз орындалуын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Жарыссөзде сөз сөйлеген партия белсенділері, облыстық филиалдың Саяси кеңесінің жұмысына баға бере отырып БПҰ төрағалары, депутаттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары партия жұмысының түрлі аспектілеріне тоқталды.  

Сондай-ақ, конференцияда партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Бақылау-тексеру комиссиясы құрамы сайланды.
Следующая →