Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдағы тоғамдар қоқысқа толған

Ластап жатқан ауыл тұрғындарының өздері

Барқытбелдің баурайында Қандысу өзеніне салынған Қандысу су қоймасы бар. Ұзындығы - 121 шақырым. Аңғары кең, шамамен 3 шақырымға дейін, арнасы тік жарлы болып келеді. Жер асты суларымен молайып, жауын-шашын суымен толығады.

Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылының ішімен Сарықасқа және Құлжабай тоғамдары ағып өтеді. Шекара шебіндегі ауылда қазіргі таңда алты мыңнан астам халық тұрады деп есептелінеді. Ақжардағы 1800-ден астам тұрғын үйдің, кем дегенде мыңнан астамы осы екі арықтың суын пайдаланып отыр. Көктем туып, жаз келсе болды, жеміс-жидек өсіріп, көкөніс салатын, картоп егетін ауыл жұрты бау-бақшаларын осы арық суымен суарады.

Бұл екі тоғамның бастауы 1964 жылы Дінмұхаммед Қонаев салдырған Маңырақ пен Бозша ауылдарының ортасында орналасқан Қандысу су қоймасынан шығады. Білетіндер су қоймасында 42 миллион текше метр су бар дейді. Сарықасқа мен Құлжабай тоғандарының бүгінгі жағдайы туралы фейсбук әлеуметтік желісінде қоғам белсендісі, география пәнінің мұғалімі Өмірхан Қанағатов жазды. Ол осыған дейін аудандық мәслихат депутаты Қайрат Дәкеровтің Ақжарға аудан мәртебесін қайтарып, оны Назарбаев ауданы деп атау керек деген ұстанымын қолдаған болатын. Туған жерінің тек жақсарғанын қалайтын ауыл ұстазы бұл жолы да өте өзекті мәселені көтеріп отыр.
- Өзім осы арықтың орта ағысының бойында тұрып жатырмын. 0,15 гектарға салынған бау-бақшалық жерім бар. Одан жыл сайын 20 қап қартоп өнімін аламын. Одан бөлек әжептәуір жеміс-жидек те жинап аламын. Әрине, мұның бәрі бау-бақшамды суаруға пайдаланатын арықтың арқасы ғой. Жалғыз мен ғана емес, ауыл тұрғындарының түгелі дерлік осы екі арықтың пайдасын көріп отыр. Бір таңғалатыным, сонау су қоймасынан бастау алатын осы екі тоғам ешбір жерде баланста жоқ, яғни тіркелмеген, иесіз, қараусыз ағып жатыр. Бұлардың санитарлық жағдайы да сын көтермейді. Кеңес үкіметі кезінде әкімшілік, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер тоғам бойының тазалығына қатты көңіл бөлетін, ал қазір іші толған қоқыс. Тұрмыстық қалдық заттарды тастайтын тұрғындарға ауылдасы болып ескерту жасасаң, жеккөрінішті көрінесің, - дейді Өмірхан Қанағатов.


Өмірхан Қанағатовтың айтуынша, бір ауылдың ішімен өтетін екі бірдей арық жоққа баланып елеусіз, ескерусіз жатқанша, аудан әкімдігінің яки шаруашылық мекемесінің қарамағына берілсе, сосын тазалығы мен  судың орынды жұмсалуы үнемі қадағаланып, қоқыс төгетіндерге айыппұл салынғаны дұрыс. Қазақ "судың да сұрауы бар" дейтін қанағатшыл халық. Ал жаз маусымында тоғам суын ысырап ететіндер көп. Сол үшін оны пайдаланатындар егіні мен бақшасының жер көлеміне қарай ақы төлегені де орынды болар еді деген ұсыныс білдіреді. Бей-берекет, ысыраптың көкесі сол, кейде тіпті көше ортасымен, асфальтталған тас жолдың үстімен ағып, жолды да бүлдіріп жататын көрінеді.

Ауылдың жаңа әкімі кәсіпкерлерге жалынып жүр


Қандай күрмеуі қиын түйткілді түйін болса да соны шешуге тырысатын ақжарлықтар жерлестерінің жанайқайын әзірге құлақтарына ілмей жүрген тәрізді. Әрқашан игі істің басы-қасында жүретін бірнеше белсенді кісілер ғана аталмыш мәселені жылы жауып қоя салмай, бір нәтиже шығартуға тырысып жүр. Аудан әкімі Асхат Смаилов болса, Ақжардың кіреберісіндегі Жамбыл көшесіне өтетін Сарықасқа тоғамындағы тар әрі қисық көпірді кеңейтуге және жөндеуге уәде берген еді.

Тарбағатай ауданында қуанышты хабар шықса, бірінші болып сүйінші сұрайтын, талқыға салар жаңалық туындаса, алғашқылардың бірі болып сынайтын, бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір атанып жүрген фейсбук белсендісінің пікірін сұрап көрдік.
- Ол екі арық Ақжардың екі күре тамыры ғой. Бірақ ешбір мекеменің балансына берілмеген. Кезіндегі басшылар ауданның қаражатын үнемдеу үшін суға жауапты мекеменің балансынан алып тастаған болуы керек, шамасы. Сондықтан да оны тазалап отыруға, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп, дұрыс пайдалануға бюджеттен бір тиын да қаражат бөлінбейді. Жаңадан келген ауыл әкімі бұл мәселені шешіп, арықты тазалау үшін техникасы бар кәсіпкерлерге жалынышты болып жүргенін де жасырмай ашып айту керек. Ауыл тұрғындарының өзінде мүлде жауапкершілік жоқ. Пештен шыққан күлді де, үйінде жиналған қоқыстарын да өзенге төгеді. Соларға айыппұл салу керек ең алдымен. Арықтың дәл іргесінде тұрған бақшалардың көпшілігін арамшөп басып бос жатыр. Бұрын орыстар жайнатып қоюшы еді. Айтсақ өзімізге тиеді, халықтың жалқау екені рас. Бала кезімізде біз сол арықтарға шомылаушы едік. Қазір қоқыстан көрінбейді, - дейді Ермек Құрманғалитегі.

Арықтың суы асфальтты бұзып далаға ағып жатыр


Біржақты ғана абсолютті кінәлі тарап болмайтыны шындық. Иә, табиғатқа нұқсан келтіргендерге айыппұл салыну керек. Бірақ оны кім қадағалайды? Қай құзырлы мекеме су ресурстарын өз қарауына алып, қандай орган қоқыс төгетін адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді?!
- Тоғамнан бері төмен түскенде Байжігіт көшесін бойлап ағатын арыққа да бір тірі пенде жауап бермейді. Арнасынан асып, асфальт жолға жайылып жатыр. Сол арықты әдемілеп, цемент лоток салып жөндесе - су да ысырап болмайды, арық жағасындағы үйлердің іргетасы да дым тартқанын қояды, көшенің де көркі кірер еді, - дейді туған жеріндегі ахуалға алаңдаушылық білдірген Ермек Құрманғалитегі.
Осы тақырып сөз болған желідегі өтініш-шағым хаттың астына ауылдың да, ауданның да тұрғындары пост авторын қолдап пікірді бұрқыратып жазып жатыр. Кейбіреулер арықта өліп, күн ысығанда сасып жатқан ит пен мысықтың суреттерін де жолдапты.
- Өткен жылы қара күзде Ақжардың тазалық қызметкерлері тап-таза етіп жалтыратып қойған болатын. Одан кейін қар жауды, қыс басталды. Міне, көктем шыққанда әлгі арықтардың іші адам көргісіз. Қыстағы жаққан отының күлін, қорадан шыққан сиырының жапасына дейін төгіп тастаған. Сондықтан ағайындар, ауыл тазалығын өзімізден бастайық. Әр адам өзінің маңайын таза ұстап, қоқыс полигондарына апарып отырса, ауылымыз таза болады ғой. Ақжар ауылының әкімшілігі қоқысты оңды-солды төккен адамдарға айыппұлды өте көп мөлшерде салса жақсы болар еді. Содан соң екі арықтың ғана емес, тұтас Ақжардың тазалығын қаншама техникалары мен мамандары бар шаруашылық мекемесіне беру керек. Өйткені ауыл әкімшілігінің балансында бірде-бір техника жоқ. Мына көпірді де кеңейтпесе, шынымен өте тар, - дейді сол ауылдың тұрғыны Дәулет Чакеров.

"Қоқыс жәшіктері көп ұзамай қойылатын болады"


Қай жердің таза я лас екені көктемде белгілі болады емес пе?! Еңбекқор жұрт көршілерімен бірігіп, сенбілік ұйымдастырып, маңайын айнадай жарқыратып алады. Жалқау халық бәрін басқадан күтіп жата береді.
- Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйлерге контейнер орнатылса жақсы болушы еді. Әйтпесе "свалкаға" айналып барады. Қанша бала-шаға бар, ешкім қарамайды. Елдің сиырлары да ластап жүреді. Оны ешкім ақша жинап тазалағысы келмейді, ал жиналған ақша қоқысты шығарғанға жетпейді. Жамбыл көшесінде 24 және 16 пәтерл алты, Кунафиянов көшесінде үш, Дәулетбай көшесіндегі екі үйдің маңайында тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Жәшік қойылып, қоқыс шығарғыш көлікпен шығармаса, жағымсыз иісі шығып тұрады, - дейді Әйгерім Тұрысбекова есімді ауыл тұрғыны.
Ақжар ауылдық округіне 2 ай бұрын әкім болып сайланған жаңа басшыға тікелей қоңырау шалып, телефонмен тілдестік.
- Мұнда келгеніме көп болмаса да, осы ауылдың тыныс-тіршілігімен таныспын. Осы жолы ғана біраз көшелерін жаяу аралап жүріп шықтым. Қоқыс контейнері керек екенін де өз көзіммен көрдім. Атқаратын шаруа көп. Біртіндеп қолға алып жатырмын. Ауылдық аппараттың иелігінде трактор, К700 (касемсот) болмағаннан кейін техникасы бар шаруа қожалықтарынан сұрап жүгіріп жүрмін. Бұйырса, Сарықасқа мен Құлжабай арықтарын "камхоздың" құзіретіне беріп, ресми түрде тіркеуді ойластырып жатырмыз. Тазалық туралы түсіндіру үшін тұрғындармен де кездесу керек, - дейді Ақжар ауылдық округінің әкімі Дәуітбек Ниязбеков.

Следующая →