Шығыс өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкелері ардагерлерді құттықтады
Ардагерлер келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы мен Отан қорғаушылар күнімен құттықтауларын алды
Семей гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы Семей облысының Абралы ауылының тумасы Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы майданға аттанған. Ол Харьков, Каунас, Черняховск, Кенигсбергті азат етуге қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Соғыс және бейбіт өмір кезіндегі Отан алдындағы қызметі үшін ақсақал көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған. Ағымждағы жылдың маусымда ардагер 100-ге толады.
Дмитрий Лазаревич Литвиненко да Кенигсбергті азат етуге қатысқандардың бірі. Семейдің тумасы 1943 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылып, Ташкенттегі радиотелефон операторларының курстарын аяқтағаннан кейін бірден атқыштар қатарына жіберілген. Ардагер 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.
Следующая →

- Біз соғысқа қатысушылардың батылдығы, табандылығы, ұлылығы мен жылдар бойы өшпейтін ерлігі алдында басымызды иеміз. Олардың майданда және тылда жанқиярлықпен жасаған жеңісі болашақ ұрпақтың бейбіт және еркін өмірінің негізіне айналып отыр, - дейді Шығыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіпов.