Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Мұстафа Өзтүріктің Мақаншыға сапарынан естеліктер

Мұстафа Өзтүріктің өзінің ата-бабаларының мүрделері Мақаншыда жатыр

Қазақ елінің өз алдына Тәуелсіздігін алғанына үш жылға аяқ басқан 1994 жылдың жазы еді. Даңқты спортшы, белгілі таэквондошы, алашшыл азамат Мұстафа Өзтүріктің өзінің ата-бабаларының мүрделері жатқан Мақаншы, Жарбұлақ (Қабанбай ауылдық округі) ауылдарына құран бағыштауға келген сапары елде инфляция, экономикалық құлдырау басталған, жұрттың нан тауып жеуі қиыншылыққа айналған шақ болатын. 

Алайда жұртшылықтың Мұстафаға деген шын ықыласы мен адал махаббатына бұлардың бәрі де кедергі бола алмады. Арда туған азаматты Үржар әуежайынан жерлестері алқызыл гүл шоқтарымен, риясыз шын пейілдерімен тайлы-таяғы қалмай қарсы алып, аяғын жерге тигізбей 30 шақырымдай жердегі Мақаншы ауданына алып кетті. 

Мақаншыда тай сойып күткен екен


Сол бір арқа-жарқа ыстық сағынышты кездесудің басы-қасында болған Үржар ауылының әкімі Сайлауғазы Шарықбаев былай деп еске алады:
- 1994 жылы Алматыдан жерлес досым, сыныптасым, белгілі кәсіпкер Берікболат Бейсекенов телефон шалып: "Сәке, жақын арада Мақаншыға даңқты спортшымыз, таэквондошы Мұстафа Өзтүрікті алып барамын. Жалғыз емес, жанында екі-үш жолдасы болады. Ол кісінің арғы тегі осы Мақаншы өңірінен екенін білесің. Ата-бабаларының басына құран оқып, ел-жұртпен кездеспек. Әрине, ол кісі асығыс емес. Келе сала бір қонып, қайтып кетпейтіні белгілі. Екі-үш күн атамекенімен қауышып, ел-жұртты аралайды. Соған дайындал, қаржы жағынан тартынба. Өзім төлеймін", - деп бірнеше тапсырмалар берді. Ол кезде менің де Мақаншы аудандық мұнай базасының директоры кезім. Аудандық мәслихаттың депутатымын. Қуанышты хабарды естісімен бірден әзірлікті бастап кеттік. Мақаншы ауылының орталығындағы Берікболаттың қонақ үйінен люкс бөлмелерді дайындатып, соятын малын қарастыра бастадық. Бірден осындағы тағы бір досымыз, белгілі кәсіпкер Серікқали Ішпекбаевпен хабарластым. Мұстафа дегенде кім аянсын, ол жігіт те сойыс малына бір семіз тайын беретін болды.
Сонымен мәртебелі меймандарды Мақаншы ауданы-ның әкімі Жекен Жамантаев, мәслихат хатшысы Мәден Мәзембиев, аудандағы белді спортшылар, аузының 
дуасы бар ақсақалдар қарсы алды. Берікболат Бейсекенов аудан орталығындағы мейманханасына апа-жездесіне қонақтардың ас-суын дайындаттырып, жігіттерді орналастырдық. Кешінде қонақ асы қырық шақты адамға Серікқали Ғалымжанұлының үйінде берілді. Мұстафа Өзтүрік келді деген хабарды естіп, көргісі келетін, онымен сұхбаттасуға ниетті ауылдастар санында есеп жоқ. Сол күні бәрі де арқа-жарқа әңгімелесіп, ара-арасында аудан өнерпаздарының концерттік номерлерін тамашалап, таңғы 5-ке дейін отырдық. Сонда бір байқағаным, қонағымыз елдік мәселені көбірек қаузағанды сүйеді екен... 

Жалпы, Кеңестің солақай саясатының кесірінен болған ашаршылық заманда осы өңірден Қытай еліне кеткен Мұстафа Өзтүріктің аталары бұл жақтан да сая таба алмай, Түркияға қоныс аударуды жөн деп табады. Олар Гималай тауын асып, Үндістан, Пәкістанды көктей өтіп, кейін Түркияға келіп қоныстанады. Әрине, көп қиыншылықтарды бастан өткереді. Кейін өз алдарына кәсіп ашып, жүргізеді. Бүгінгі күні барлығы да бақуатты тұрады екен. Мұстафа 1954 жылы Түркияның Кайсере қаласынының Мұсаходжалы ауылында дүниеге келеді. Түркиядағы мектепті тәмамдаған ол Тайвань халықаралық университетіне журналистика мамандығы бойынша оқуға түседі. Ол осы оқуда жүріп бос уақытында шығыс жекпе-жегінің бірі саналатын таэквондоның қыр-сырын меңгерген. Белгілі киноактер, шығыс жекпе-жегінің біртуары саналатын Брюс Лимен бір залда жаттығады. Университетті бітірген тұста, 6-шы ДАН қара белбеуінің иесі атанады. Жалпы, Мұстафа Өзтүрік бауырымыз мұндай дәрежеге жеткен тұңғыш қазақ. Керек десеңіз, бұл атақты алған алғашқы мұсылман баласы. Түркияның Стамбул қаласында, кейін Германияның Мюнхен қаласында таэквондо мектептерін ашады. Әлемге әйгілі шәкірттер тәрбиелейді. Қазақ баласының жат жерде жүріп, осындай биік белестерді бағындырғанына қалай сүйсінбейсің?! Қазір Мұстафа Өзтүрік ашқан таэквондо федерациясы елімізде де жұмыс жасап келеді. Бұл жерден де әлемге әйгілі спортшылар көптеп шығуда. 

Әкесі кәбен бірнеше кітаптар жазыпты


...Таңертең Мұстафа Өзтүрікті қаумалаған жұрт оны алып, аудан басшысымен бірге оншақты машинамен Жарбұлақ ауылына келеді. 

Ауылға кірген соң Мұстафа мешітке кіріп, ата-бабалар әруағына бағыштап құран оқыды. Осы жерде Мұстафа бауырымыздың Әлкенбай, Төлебай деген аталары өмір сүрген екен. Өздері ел басқарған, би болған азаматтар көрінеді. "Менің әкемнің аты -
Кәбен. Жалпы жұрт әкемді қажы Кәбен деп танитын. Ол кісі бірталай кітаптар жазған адам. Алайда ол кітаптары баспаға шықпаған", - деп ағынан жарылды Мұстафа жиылған жұрт алдында. 

 Жарбұлақ ауылында Мұстафа өзінің аталас ағайындарымен кездесіп, көрісті. Сағынып қалған ел-жұрт алыстан келген қандас бауырын жібергісі келмейді. Қайда барсаң да ыстық ықыласын білдіріп, алқалаған жұрт. 
- Айтпақшы, бір қызық жайды айта кетейін. Құти өзенінің бойындағы бір еңселі зират басына тоқтап, құран оқыр кезде әркім тізесінің астына басатын кардон қағаз, шүберек іздеп абыр-сабыр болып жатқан шақта Мұстафа жанындағы үш жолдасымен қара жерге тізе басып отыра-отыра кеткенін көріп, өз ісімізге қымсынып қалған едік. Бірінен кейін бірі құран сүрелерін әдемі мақамдарымен зауылдата оқыған кезде атеистік қоғамның төл туындылары - біздер көздерімізбен жер шұқып қалған едік. Міне, туған жерінің, қасиетті топырақтың қадірін білетін азамат десеңші. Құран оқылып біткен соң өздері жан қалталарынан орамалдарын алып, сол жердің топырағынан шүберекке түйіп алысты, - дейді Сайлауғазы Шарықбаев.

Обязательно -Естеліктер - фотоны автор ұсынды (5).jpg


Мақаншыдағы кездесу мағыналы болды


Бұдан кейін құрметті қонақтар Мақаншы ауылындағы Мәдениет үйінде жұртпен кездесті. Жұрт көп жиылыпты. Ине шаншар орын жоқ. 
- Сол күні бір керемет кездесу болды, - дейді Сайлауғазы Орынбайұлы. - Мақаншыдағы мұндай кездесуді Құранды қазақша аударған Халифа Алтаймен, белгілі жазушы Қабдеш Жұмәділмен өткен жүздесулермен ғана салыстыруға болар. Аудан басшысы Ж. Жамантаев, кәсіпкер Б. Бейсекенов, тағы бірнеше азаматтардан кейін сөз Мұстафа Өзтүрікке берілді. Халықтың оған деген ықыласында шек жоқ. Ду-дудан кейін Мұстафа Қабденұлы қырандай көздері жарқылдап орнынан тұрып сөйледі. Өмірбаянын, қиыншылығы мол өмір жолынан сыр шерте келіп, өзінің ауылда жүрген кезінде балалардың "Мен Мұстафа Өзтүрік боламын" дегенін естіп, "Сендер Мұстафа Өзтүрік болмаңдар! Ғалым, жазушы, ақын, педагог болыңдар" деймін", деуінің өзі үлкен қарапайымдылық қой. Керек десеңіз, ұлылық десе болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сая-сатын қолдау керектігін, таяу арада Қазақстанның әлем бойынша алдыңғы орындардан көрінетіндігін айтты. Есімде қалғаны, залдан бір адам: "Қарағым, дүниежүзінде араламаған елің некен-саяқ көрінеді. Әлемдегі ең бай мемлекет қай ел екен?" деп сұрақ қойды. Сол кезде ол қаршыға көздері бір жарқ етіп қомданып алды да: "Иә, мен әлемнің дамып кеткен мемлекеттерінің бәрінде де болдым. Араламаған, мен өнер көрсетпеген ел кемде кем. Ал енді Қазақстан тәуелсіздігін жаңа ғана алған, тәй-тәй басқан жас ел. Сондықтан, өзіміздің Президентімізге иланып, соның артынан еруге шақырамын. Сонда ғана озық елдердің қатарына қосыла аламыз. Бұған мен кәміл сенемін. Өйткені біздің жеріміз өте бай, еліміздің рухы биік. Әгәраки, бет-бетімізбен кетіп, ауа жайылсақ, ел болудың ауылы алыс, ағайын!" деген еді.
Бүгінде Тарбағатайдың күнгейі Мақаншы өңірі өз оғландары Мұстафа батырды сағынышпен еске алады. Рас, хас батырды елі ұмытпайды. Құрмет көрсетіліп жатыр. Алматы көшелерінің біріне Мұстафа Өзтүріктің аты берілді. Мұстафа Өзтүрік жайлы "Барып қайт, балам, ауылға", "Алаштың айбоз ұлы" атты фильмдер түсірілді.

...Елінің маңдайына сыймай кеткен қайран Мұстафа сол бір 1995 жылдың 11 нау-рызы күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксинг сайысын тамашалауға барады. Жарыс аяқталған соң ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқайды. Дәрігерлер дереу Мұстафа Өзтүрікті Алматыдағы Қазақстан Президенті іс басқармасы медициналық орталығының клиникалық ауруханасына жатқызады. Амал не, ол өзін көтермелеген дүйім халқын артына қалдырып, 1995 жылдың 15 наурызында бұл фәнимен мәңгіге қоштасты. 

Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстамбұлдағы Гүнешлі ауданындағы зиратқа, әкесінің жанына жерленді.
Следующая →