Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айындағы мерекелерде қалай жұмыс істейді?

"Азаматтарға арналған үкімет" Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, келесі айда халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін демалыс күндері - 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр болады

Дүйсенбі, 3 мамырда ХҚКО сенбі күні үшін жұмыс істейді, сондықтан бөлімдер 09:00-ден 15:00-ге дейін ашық.

Қызмет алушылардан келуді алдын ала брондауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемен және Семей ХҚО-тары азаматтарды кезекті алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Мұны төрт жолмен жасауға болады: eGov.kz порталда, eGovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 бірыңғай колл-орталығына қоңырау шалу арқылы.

Ол үшін "ХҚО-қа кезекті брондауды" қызметтер тізімінен таңдау, жеке деректерді толтыру, күнін, уақытын, бөлімін таңдау және тағайындалған уақытқа дейін 5-10 минут бұрын келу қажет. Сәтті брондау кезінде телефонға SMS растау келеді.
- Азаматтарды барынша онлайн режимде жүгінулеріңізді сұраймыз, өйткені бүгінгі күні ХҚКО-қа бармай-ақ алуға болатын қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз болса, орталыққа келуді алдын ала брондаңыз, ХҚКО-қа барған кезде міндетті түрде әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау қажет, сондай-ақ халықтың шоғырлануын аз болуы үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ғана келуін сұраймыз, - деді филиал директоры Азамат Есембулов.
Облыстың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00 - ден 18.00-ге дейін, сенбі күні-09:00-ден 15:00-ге дейін.
Следующая →