Ұлан ауданының тұрғындары емханаға зәру
Орталығы облыс орталығына тиіп тұрған, Өскеменге ең жақын саналатын шығыстағы екі ауданның бірі - іргедегі Ұлан. Қаладан таяқ сілтем жерде тұрған аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде заманауи соңғы үлгімен жабдықталған, үлкен, жаңа аурухананың жоқтығы - кент тұрғындарының осы күнгі уайымына айналған
Дерттеріне шипа іздеген науқастар мен олардың туысқандары Таврия ауылындағы ауруханаға ат арылтып баруға мәжбүр.
Батыр Қасымның атындағы қала тектес ауылда 7000 халық тұрады. Ал енді осы жердің емханасы - жатақхананың бір қуысында десек, сенер ме едіңіздер. Иә, кәдімгі көпқабатты тұрғын үйдің екінші және үшінші қабатында орналасқан. Ал одан жоғары қабаттарда Қайсеновтің жұрты тұрып жатқан пәтерлер бар.
Жайлап басып жатақхана-мен жағаласа орналасқан емханаға бас сұқтық. Күллі Қазақстан, бүкіл шығыс бойынша енгізілген карантин режимінің бұл жерге еш қатысы жоқ тәрізді. Ұзын-сонар кезекке тұрған кісілер есікке ентелеп, бір-бірінің иығына шығып кетердей болып тұр. Шетте тұрған кісілерді ақырындап сөзге тарттық.
Негізі, Өскеменнен 54 шақырым жерде, Семейге баратын жолда орналасқан Таврияда Ұлан ауданының орталық ауруханасы бар. Ал Қайсенов кентінен Таврияға дейін 59 шақырым. Әңгіменің төркіні сонда, Таврия ауылы - географиялық орналасуы бойынша Ұлан ауданының қиыр шетінде. Ауданның Тарғын, Тайынты, Асубұлақ, Манат сияқты халық саны көп енді бір ауылдары Самарға апарар жолдың бойында, кейбірі тіпті таудың ішін жайлап отыр. Асубұлақтан Таврияға дейін -
131 шақырым, ал Манаттан - 172 шақырым. Сонда, түкпірдегі ауыл тұрғыны денсаулығын тексерткісі келсе, дәрігерден бір жапырақ жолдама қағаз алу үшін бақандай екі жарым сағат жол жүруі керек. Жығылғанға жұдырық болғандай, біздің шығыстың ауданаралық жолдарының қайсыбірі оңып тұр еді. Шұрық-тесік, қырық жамау, айналма жолдармен баруға тура келеді.
Нұрболат Абзалханов - аудан орталығының тұрғыны. 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде тіркелген ол екі жылда бір арнайы медициналық тексерістен өтуі тиіс.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ұлан ауданында мүмкіндігі шектеулі 1363 адам тіркелген. Оның ішінде, бірінші топта - 141, екінші топта - 733, үшінші топта - 403 адам. Мүгедек балалардың саны - 86.
Нұрболат Абзалхановтың әлеуметтік желілерде жазғандарынан кейін сең қозғалғандай болды.
Следующая →
Жатақхана ішіндегі емхана

- Қатарынан үш адам тұрса бір-біріне жабысып тұратын, әрі тар, әрі жарығы сығырайған мына жерде тазалық та сақталмаған. Тіпті, қазіргі карантин шараларын есепке алғанның өзінде санитарлық талаптарға сай емес. Бізге жолдаманы Тавриядағы орталық ауруханаға береді. Ыңғайы келсе, ол жаққа бармауға тырысамыз. Өйткені Таврияға баратын таксилер әкесінің құнын сұрайды. Оданша жақын жердегі Өскеменге барып, ақылы емханаға қаралғанымыз дұрыс шығар, - дейді Гүлден Амангелдіқызы есімді үш баланың анасы.
Ауруханадан ең алыс ауыл 172 шақырым жерде
Негізі, Өскеменнен 54 шақырым жерде, Семейге баратын жолда орналасқан Таврияда Ұлан ауданының орталық ауруханасы бар. Ал Қайсенов кентінен Таврияға дейін 59 шақырым. Әңгіменің төркіні сонда, Таврия ауылы - географиялық орналасуы бойынша Ұлан ауданының қиыр шетінде. Ауданның Тарғын, Тайынты, Асубұлақ, Манат сияқты халық саны көп енді бір ауылдары Самарға апарар жолдың бойында, кейбірі тіпті таудың ішін жайлап отыр. Асубұлақтан Таврияға дейін -
131 шақырым, ал Манаттан - 172 шақырым. Сонда, түкпірдегі ауыл тұрғыны денсаулығын тексерткісі келсе, дәрігерден бір жапырақ жолдама қағаз алу үшін бақандай екі жарым сағат жол жүруі керек. Жығылғанға жұдырық болғандай, біздің шығыстың ауданаралық жолдарының қайсыбірі оңып тұр еді. Шұрық-тесік, қырық жамау, айналма жолдармен баруға тура келеді.
- Бізге әр жылы жаңа аурухана салып береміз деп ауызды қу шөппен сүртіп қоя береді. Уәделерін тыңдай-тыңдай жалықтық. Бұл қай заманнан бері жыр болып келе жатқан, қазір тізесі шығып, жауыр болған тақырып. Жыл сайын әкімдер ауысып тоқтамай қойса, жоспар қайдан орындалсын, - дейді Алтынай Советқызы есімді аудан орталығының тұрғыны.Десе де, Ұлан әкімдігі бұл мәселе көп ұзамай шешілетінін мәлімдеді.
- Қасым Қайсенов кентінде поликлиника салу жос-парда бұрыннан бар. Ол үшін жер телімі де бөлініп қойды. Қазір емхананың жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға жолдауға әзірленіп жатыр. Ол жақтан нақты бір шешім келмейінше бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні белгісіз. Бірақ, бұйырса, 2021 жылдың екінші жартысында аурухана құрылысы басталады деп отырмыз, - дейді аудан басшысының орынбасары Ләзиза Кенжетаева.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік жасалмаған
Нұрболат Абзалханов - аудан орталығының тұрғыны. 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде тіркелген ол екі жылда бір арнайы медициналық тексерістен өтуі тиіс.
- Қ. Қайсенов кентінің емханасына өзім кіре алмайтын болғандықтан үнемі інімді ертіп жүремін. Мені екінші қабатқа көтеріп шығара алмайтындықтан ол кезек күтіп іште, мен подъездің алдында сыртта тосамын. Көктемгі желдің өтінде 1 сағат босқа күтіп, дәрігермен ұялы телефонмен ғана тілдесіп үйге қайтқаным бар. Күн суық, ал маған әлі көмекші жіберген жоқ. Қашанғы әр ауырған сайын осылай есік алдында тоңып, я болмаса өткен-кеткенге көмектесіңіз деп жалынып отырамын?! Білдей бір Ұлан ауданының орталығында аурухана жоқ деген айтар ауызға, естір құлаққа ұят-ақ. Мен тіпті учаскелік дәрігерімді танымаймын, аты-жөні кім екенін де білмеймін. Не өзіміз кіре алмаймыз, не біздің хәлімізді өздері сұрап келмейді. Ауа райы арбамен жүруге қолайсыз болғандықтан, мына тұрған жерге көлік іздеп көрінгенді мазалаймыз. Қарала қалсақ, бір жапырақ қағаз ұстатады да, Таврияға жөнелтеді. Ол жаққа машина табу да машақат. Жедел жәрдеммен барайын десем, апарып тастап кетеді, тоспайды. Содан қайтарға көлік іздеп таба алмай әуреге түсеміз. Осы мәселені аудан әкімі қолға алса деймін, - деп Нұрболат Мәжитұлы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазған еді.
"Инватакси қызметі іске қосылса ғой..."
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ұлан ауданында мүмкіндігі шектеулі 1363 адам тіркелген. Оның ішінде, бірінші топта - 141, екінші топта - 733, үшінші топта - 403 адам. Мүгедек балалардың саны - 86.
- Неге дәрігерлер күн сайын болмаса да, айына екі рет мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын сұрап, қандай көмек қажет екенін біліп тұрмайды? Арбаға таңылып қалғанымыз болмаса, біз де адамбыз. Тым болмаса, аудан орталығы ішінде қатынайтын, Таврия мен Өскеменге апаратын инватакси қызметін іске қосса ғой. Алатын жәрдемақымыз 60 000 теңге. Онымен бала-шағамызды асыраймыз ба, әлде емделу үшін Таврия мен қалаға такси жалдаймыз ба? Бір анализдің құжаты үшін Таврияға бару керек. Ал таксилердің қанша сұрайтынын айтпай-ақ қояйын. Инватакси өте қажет. Мысалы, менің қалаға әр барып-қайтқаным 3000-4000 теңге. Қаланың ішінде 1000 теңгеден төмен жол ақысы жоқ. Бұл жеке басымның ғана мәселесі емес. Қаншама мүгедек жандар бар. Барлығы да көмекке зәру, жәрдемге мұқтаж. Ұлан ауданының халқы емін-еркін кіріп-шығып, ешқайда сабылмайтындай, барлық маманы бар, тексеруді түгел жүргізіп беретін ауруханамыз болғанын қалаймын, - дейді ол мұңын шағып.Аудан әкімінің орынбасары бұл тақырып төңірегінде де тіл қатты.
- Ұлан ауданында инватаксиді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі алты адам бар. Олар ауданның әр жердегі алты ауылында тұрады. Инватакси қызметін іске қосуды басында ойладық. Алайда ол барлық жағынан тиімсіз. Біз облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына өтінім жібердік. Олар: "мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы транспорт шықпаған жағдайда, олардың ай сайын алып отыратын жәрдемақыларына бір айда таксиге жұмсаған шығындарының ақшасын қосып беретін боламыз. Көмектің сол түрін тиімді деп тауып, қазір соны қарастырып жатырмыз" деді, - дейді Ләзиза Кенжетаева.
"Аудан әкімі уәде беріп кетті"
Нұрболат Абзалхановтың әлеуметтік желілерде жазғандарынан кейін сең қозғалғандай болды.
- Аурухана мәселесін желіде жариялағаннан екі күн өткен соң үйге аудан әкімі Ренат Құрмамбаев келіп кетті. Анам екеуміз әпкемнің жаздық сарайының шін жылылап алып, осында тұрып жатырмыз. Осы жағдайымды көріп, бас-пана табуға көмектесемін деді. Тезірек пәтер берілсе, Семейдегі отбасымды көшіріп алар едім. Биыл ғана білген тағы бір нәрсем, маған жылына бір рет ақшалай немесе отын түрінде көмек беріліп тұруы қажет екен. Бұған дейін ешкім айтпай келген ғой. Әкім келгенде аяқ асты естіп қалдым. Биыл бірінші рет медкомиссия жұмысы тез бітті. Дәрігерлер үйіме келіп, құжаттарымды реттеп берді. Егер фейсбукке жазбасам, осының бәрі реттелер ме еді?! - дейді арбаға таңылған ақын.Бірақ Нұрболат Мәжитұлы басшылардың жол шығындарын өтеп береміз дегендерінің бәрі өтірік деп кейіді.
- Жылда осылай жалған уәде береді. Жәрдемақыға үстеме қосылатын болады, жеке такси табамыз, т.б. деп. Бірақ солардың ешқайсысы орындалмайды, - деп ренжуліол.Тағдыр тауқыметімен мүгедектер арбасына таңылған Нұрболат Абзалханов үй кезегінде тұрғанын да тілге тиек етті.
- Ол кісі Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың тізімінде 146-шы болып кезекте тұр, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің маманы Ләззат Асылханқызы.Қайбір жылдары Елбасы ұсынған "100 мектеп. 100 балабақша. 100 аурухана" жобасы, содан бері қанша жыл өтсе де еліміздің бірқатар аймақтарында өз мәресіне жетпегені белгілі болды. Ұлан ауданының жаңа әкімі болып тағайындалған Ренат Құрмамбаев уәде еткеніндей, аурухана салу ісі биылдан қалмай қолға алынатын болса, ел-жұрттың алғысын алып, ризашылығына бөленетіні анық.