Зайсан ауданындағы ауылдардың бірінде алма бағы ашылды
Алматыдан 30 түп алма ағашын жіберді
Зайсан ауданындағы Кеңсай ауылында алма бағы ашылды.
Кеңсай ауылдық мектебін 1998 жылы бітірген түлектері Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өз туған жерлеріне сый жасап, 30 түп алма ағаштарының көшеттерін отырғызды.
Следующая →
Кеңсай ауылдық мектебін 1998 жылы бітірген түлектері Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өз туған жерлеріне сый жасап, 30 түп алма ағаштарының көшеттерін отырғызды.
- Мектепті 23 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер өз оқу ордасына 30 түп жоғарғы сұрыпты алма ағаштарын сыйға тартты, - дейді мектеп директоры Жұмашев Махамбет. - Рамазан айында атқарылып отырған игі іс - өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие. Кеңсай орта мектебі ұжымы және оқушылары атынан абзал азаматтарға алғысымызды білдіреміз.Осы орайда айта кетейік, аудандағы Жарсу ауылының жастарының бастамасымен Қызылжар көшесіне жалпы аумағы 1000 шаршы метр жерге 200 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ, Қаратал ауылында да саябақтағы арықтар тазаланып, 200 түп ағаш көшеттері отырғызылды.