Ер адамды құтқарған жастар марапатталды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Семей қаласының екі жас тұрғыны алғыс хатпен марапатталды
Алғыс хатты ШҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Нұрпейісов тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ведомстводағылардың айтуынша жігіттер өте қарапайым және өздерін батыр деп санамайды екен.
Следующая →
- Екі дос ерлік көрсетіп, 2021 жылдың 27 сәуірінде ер адамды судан құтқарды. Кездесоқ оқиға орнында болған жастар бірден көмекке келген, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.Ағынмен ағып келе жатқан ер адамды көріп, олар жағалау бойымен жүгірген. Содан кейін 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали суға секіріп, ер адамды судан алып шыққан. Оған досы Мерей Маутбеков көмектескен. Сондай-ақ, Мерей жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін ер адамға реанимациялық көмек көрсеткен.
Ведомстводағылардың айтуынша жігіттер өте қарапайым және өздерін батыр деп санамайды екен.
- Біз адамға көмек көрсету керек екеніне күмәнданбадық. Бірақ өзен ағысы күшті және қорқынышты болғанын жасырмаймыз. Менің ойымша, біздің орнымызда кез-келген еркек осылай істейтін еді. Барлығы кинодағыдай болды. Жағдай бойынша әрекет еттім. Алғашқы көмек көрсету дағдыларын бірінші рет қолдандым. Бірақ бәрін дұрыс жасаппын, - деді Мерей Маутбеков.ШҚО ТЖД азаматтарға су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді. Төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.