Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер жұмыла көмек жинаған Степа Алпеевке ота жасалды

Облыс орталығының үш жасар тұрғыны анасымен бірге Сербиядан оралды

Сирек кездесетін туа біткен патологиясы бар Степанға қаржы жинау ақпан айында басталған. Барлығы жеті миллион теңгеге жуық қаражат тез жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

9I3V2639.jpg



Естеріңізге сала кетейік, Степаға туылғаннан бастап сирек кездесетін қуық экстрофиясы  диагнозы  қойылған.  Біздің елде осындай 20-ға жуық бала бар. Бақытымызға орай, Англия мен Сербиядағы ең жақсы хирургтер ерлердегі зәр шығару арнасының туа біткен кемістігін бір ғана операцияның көмегімен емдей алады. Бала Белградтағы клиникадан шақырту алған кезде отбасы "Устинка плюс" редакциясы арқылы қаражат жинауға шешім қабылдаған. 

Өмірі бір ғана хирургиялық араласуға тәуелді болған Степанға бірінші болып  IZNAVR, QZQ, JAZ сауда маркалы өскемендік қуырылған шекілдеуік  дистрибьюторы - NUR-HALAL EURASIA компаниясы көмек қолын созды. Баланың оқиғасы кәсіпкерлерді  толғандырғаны соншалық, оған қонаққа барғаннан кейін компания "Жақсылық эстафетасын" жариялады.  "ВостокАгроХолдинг" ЖШС, "Книга Магазин" ЖШС, Өскемен ЖЭО қызметкерлері, Өскемен гидроэлектростанциясының өкілдері (әуе сапарының құнын көтерді), "Казцинк" тау-кен металлургиялық кәсіпорны (компания жетпеген қаражаттың негізгі бөлігін берді) және бұл оқиғаға немқұрайлы қарамаған  тұрғындар, соның ішінде біздің оқырмандар эстафетаны бірден қолдай кетті.

9I3V2640.jpg



22 наурызда бала анасымен бірге Қазақстаннан ұшып кеткен, ал 26 наурызда тәжірибелі хирургтар оған ота жасауға кіріскен. Шамамен жеті сағатқа созылған ота сәтті өтті.
- Алғашқы екі күнде Степа ұйықтады. Бірақ бес күннен кейін денесіндегі көптеген түтікшелерге қарамастан, ол палатаны айнала жүгіріп кетті, - деп күледі баланың анасы Ольга. - Көп ұзамай  арбамен серуендей бастадық.
Бала Белградтағы ауруханада бір ай көлемінде жатты. Осы уақыт ішінде біз Степаның анасымен үнемі  байланыста болып, балақайдың хал-жағдайын сұрап тұрдық. Жақсы жаңалық та көп күттірмеді: Степа ауруханадан шығып, анасымен елге оралатын болды. Пандемия бұл жерде де әсер етпей қоймады: Ольга мен Степа қайтар жолда басқа бағыт арқылы ұшып келуге мәжбүр болды. Оның үстіне рейстер кешіктіріліп, ПТР сынақтарының уақыты тез өтіп жатты. Дегенмен Степан мен анасы елге оралды.

Степа елдің баласы болып кетті. Біздің редакцияда бұл оқиғаға бейжай қараған адам жоқ. Алыс сапардан келген Степаның қалын білуге бардық. NUR-HALAL EURASIA компаниясының өкілдері де бұл ұсынысқа қуана келісті. Сыйлықтарымызы алып Алпеевтерге қонаққа тарттық. Есікті баланың күлімсіреген анасы Ольга ашты. Степа бастапқыда бізге сәл сақтықпен қарап еді, бірақ жаңа ойыншықтарды көргенде  жымия кетті.  Біздің: "Қалың қалай?"  деген сұраққа "Жақсы, мен ұзақ уақыт ұшақпен ұштым. Ух, мен шаршадым!"  деп  жауап берді. 

9I3V2642.jpg


- Маған Степаның оқиғасы қатты әсер етті.  Мен оның дені сау болғанын қалаймын. Бала өзінің нағыз батыр және күрескер екенін дәлелдеді. Ол ауыр операцияға төтеп берді. Біз оның денсаулығына алаңдап, ол үшін дұға еттік, - дейді NUR-HALAL EURASIA компаниясының бас директоры Расул Исмаилов. - Ал оның анасы Ольга шексіз аналық махаббат пен үміттің үлгісі. Бүгінде бұл нәзік әйел әртүрлі аурумен ауыратын бала тәрбиелеп отырған жүздеген басқа адамдар үшін үлгі болатынына сенімдімін. Сұрау ұят емес - көмектеспеу ұят! Біздің айналамызда көмекке мұқтаж адамдар көп.  Сондықтан Степан мен басқа да мұқтаж жандарды қолдай отырып, біз "Ізгілік эстафетасын" жарияладық. Сатылған QZQ және JAZ шәкілдеуігінің әр қорапшасының ақсының 2 пайызы (қызметкерлердің жалақы қорынан басқа) қайырымдылыққа жұмсалады. Осылайша, біздің тұтынушылар  қайырымдылыққа да атсалыса алады!


9I3V2662.jpg

Әрине Степаның денсаулығы оңалып кету үшін әлі біршама уақыт қажет екені анық. Ольга Сербия дәрігерлерімен үнемі байланысты. Ең қиын күндер артта қалып, бала жаңа өмірге қадам басты.

9I3V2685.jpg


- Көмек қолын созған барлық жандарға алғысым шексіз! Бұл біз үшін өте маңызды еді, - дейді Степанның анасы. -  Мен әлі күнге дейін операция сәтті өткеніне толық сене алар емеспін. Біз үйдеміз! Степа екеуміз Сербияда болған кезімізде Әулие Сава соборына бардық. Бізге көмектескен және қолдағандардың барлығының денсаулығы үшін шырақтар жақтық!
Степаның қалын білуге барғанымызда қуаныштың көз жасына ерік бердік. Бірнеше жылдан кейін Степа Алпеевтің мектепке барғанын жазамыз деп үміттенеміз. Сәттілік саған, балақай! Бақытты бол!

9I3V2680.jpg


Следующая →