Өскеменде көбелектер көрмесі өтіп жатыр
Көрмеге келушілер тропиктерде мекен ететін 15 түрлі көбелектерді көре алады
Келушілер көбелектерге қарапа тамсанып қана қоймай, қолдарына қондырып, естелік суреттерге де түсе алады. Сонымен қатар, мамандар олардың әр түрімен таныстырып, қызықты мәліметтерге де қанық боласыз.
Тіпті, жолыңыз болса, көбелектердің қуыршақты жарып шыққан сәтіне де куә болуыңыз ғажап емес. Кіп-кішкентай ғана қуыршақтан бірнеше секундтың ішінде жарып шыққан жаңа өмір алдымен аяқтарымен төмен салбырап, қанаттары қатқанша бірнеше сағат орнанда тұрады. Кепкен соң қанат қағып шып кете береді.
Бұл жердегі ауа температурасы да торпиктағыдай +30 градус шамасында. Арнайы ауа ылғалдандырғыштар да қосылып тұр.
Көгілдір Марфо, Калиго, Барыс Сильвия, Графиум, Парусник коцебо, Идэя Левконоя, Цетозия Библис, Лови желкен кемесі.... тағысын тағы түрлері көп.
Алуан түрлі көбелектердің ішіндегі ең көлемдісі - Атакус атлас. Әзірге ол әлі қуыршақты жарып шыққан жоқ, ұйымдастырушылар бірнеше күнде көрменің басты сұлуын көрерміз деген үмітте.
Атакус атлас – дүние жүзіндегі ең үлкен көбелек. Оның қанаттарының ұзындығы – 25-30 см, ал өмір сүру ұзақтығы 5-7 күн екен. Тропикалық жәндікті халық арасында “жыланбас” деп те атайтын көрінеді. Себебі, оның алдыңғы қанатындағы бояуы жыланның басына ұқсайды. Осылайша, ол көптеген жәндіктерге сес көрсетеді екен.
Ал Палинур желкен кемесі көбелегі - Малайзияда жойылуға жақын көбелектердің бір түрі. Жергілікті тұрғындардың аңыздарына сүйенсек, өмірде өте көп жақсылық жасаған ақылды адамдардың жандары осы көбелекке айналады екен. Алтын қанатты құс деген түрі қанаттарын жеңіл емес, құстар сияқты екпінді қағатындықтан осындай атау алған. Қарны сап-сары болып жарқырап тұрады, ол көбелектің улы екенін ескертеді. Бірақ көрмедегі көбелектер улы емес, себебі мұнда олар апельсин және қант сиробымен ғана қоректенеді. Ал оның улы болуы улы шөптермен қоректенуі салдарынан болады. Айта кетейік, бұл алтын қанатты құс байлақ әкеледі деген сенім бар. Егер осы көбелекке тілегіңді айтып ұшырып жіберсең, тілек міндетті түрде орындалады. Осы сынды әр түрлі әдемі көбелектердің арасында шынымен де тропикте жүргендей әсерде қаласыз. Оның үстіне ішкі ауа температурасы да жазды аңсатады...
Көрме күнделікті сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін 16 мамырға дейін Қ. Қайсенов көшесі, 40 мекенжайындағы Өлкетану мұражайында өтеді. Байланыс телефондары: 8-708-554-79-53.
Следующая →

Тақырыптар:
Выставка живых бабочек в Усть-Каменогорске Атакус Атлас Золотая Птицекрылка Парусник Палинур