Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Жап-жаңа "Өскемен" аллеясының тозығы жеткен

Бұл аллея ЖМК ауданында өткен жылы ғана ашылып, Уәлиев пен Есенберлин көшелерін байланыстырып жатыр

Қала билігі 2020 жылы 19-шы шағын аудан тұрғындары үшін ауданды абаттандырудың кешенді жоспарын әзірлеген.

Жұмыстар көктемде басталып кеткен. Құрылысшылар нөсер кәріздерін, жол төсеп, аулаларды абаттандырды, балалар және спорт алаңдарын орнатты, демалыс аймағы жасалды. Уәлиев пен Көкжал Барақ арасындағы иен жатқан жердің ажарын келтірді: қиыршық тас төселді, орындықтар, үстел, қоқыссалғыш қойылып, жарық тартылды, шыға берісте "Өскемен" деген үлкен жазу қойылды. Аллеяға қылқанды ағаштар, қараға мен шыршалар отырғызылды. Бірақ бір жыл болмай жатып барлығы шетінен қирай бастаған.

- Бір жыл өтпей жатып жерге төселген тақтайшалар босап кеткен, - дейді қала тұрғыны. - Балалар самокат, велосипедтерін тебе алмай әлек.

Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мәлімдегендей, биыл жер топырағы қатты қатқаны соншалық жерасты суы шығып, төсеніш тақтайшалардың бүлінуіне себеп болған.

- Бұндай болуы әбден мүмкін және кепілдік құжатта қарастырылған. Енді жөндеу жұмыстарын мердігер ешқандай бюджеттік қаржысыз өз есебінен жасайды, - деді мекемедегілер. - Тротуар тақтайшаларын төсеу жұмыстары 30 сәуірге дейін аяқталады.



Следующая →