Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 350 ауызашар қоржыны таратылды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы бір аптасында Өскемен аймағы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық қоры" 200 адамға "Берекелі Рамазан" атты ауызашар қоржындарын және 150 азық-түлік себетін таратты

- Қаламызда ораза ұстап жатқан қарттар мен көпбала аналарға қасиетті Рамазан айында құрмет көрсетіп, ауызашар қоржындары таратылды. Шара үздіксіз атқарылады. Рамазан - қайырымдылық айы. Осы айдың берекетін баршаға сезіндіру біздің парызымыз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің іс басқарушысы, аймақтың "Зекет және қайырымдылық қорының" өкілі Берік Кәдірұлы.
Облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі уақытта қалыптасқан эпидахуалға байланысты мешіттерде ауызашарлар ұйымдастырлымайтындықтан осы шара жүзеге асып отыр.

"Рамазан берекеті" ауызашар қоржындарын таратуға мешіт шәкірттері және ерікті жастар көмектескен.

Осындай игі шараларды облыстың әр ауданындағы мешіттер ұйымдастырып жатыр. Мәселен, Тарбағатай ауданы "Ұранхай қажы" мешіті Ақсуат ауылындағы 30-ға жуық тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және тұрмысқа керекті заттар жеткізіп берді. Ал Риддер қалалық "Д. Қонаев" мешіті қаланың қарт тұрғындарының біріне қаржылай көмек көрсетсе, Ұлан аудандық "Мұса баба" мешіті қарттар үйіне көмек көрсетті. Көкпекті ауданында 2 ірі қара, 3 қой құрбан шалынып, еті таратылды. 

Сондай-ақ, Күршім ауданы Қалжыр ауылдық "Рәсім" мешітінің ұйымдастыруымен бір ай бойы тегін нан таратылмақ.
- Рамазан айы бойы аз қамтылған бірқатар отбасыларға тегін нан беріліп тұрады. Ауылымыздағы мұқтаж отбасыларды осылайша шама-шарқымызша қолдап отырмыз, - дейді ауылдық "Рәсім" мешітінің бас имамы Әкрам Құрманбек.

Следующая →