ШҚО-да бір күнде 10 өрт шыққан
Мамандардың пікірінше, көп жағдайда болжамды себеп отқа ұқыпсыз қарау
Бір тәулік ішінде Риддер мен Алтай қаласында, Жарма, Ұлан және Бесқарағай аудандарында өрт шықты. Негізінен даладағы құрғақ шөп пен қоқыс өртенді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыста жыл басынан бері 21 өрт оқиғасы тіркелген. Барлық аумақ 616 гектарды құрайды.
- Отқа ұқыпсыз қарау, кең таралған өрттің басты сбептерінің бірі, - дейді ведомствада. - Өрттің 46%-ы адамдардың кесірінен.
Құрғақ шөпті өртеген кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік пен жазалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 336, 367, 410-баптарында қарастырылғанын ұмытпаңыз. Жағдайды бақылау үшін қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланады.