Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Зайсанда сабын цехі бар

Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин Зайсан қаласында әлеуметтік маңызы бар, тұтунышылардың сұранысына ие кір сабын өндірумен айналысып отырған кәсіорын иесімен кездесіп, өнімдерін көріп қайтты

Кәсіпорын иесі кір сабын өндірісін бастаудағы мақсаты және алдағы жоспарларымен бөлісіп, өндірістегі құрал-жабдықтарымен, жұмыс барысымен таныстырды. Кәсібін ашып, еңбектеніп, көпке үлгі болған кәсіпкерге аудан әкімі өз ризашылығын білдірді.
- Кондюрин көшесі, 28-де сатылады. Бағасы 100 тг. Күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Сапасы жақсы. Халықтың қажетіне керек өнімдер көптеп ашыла берсін. Қолдаймыз, сатып аламыз, - дейді аудан тұрғындарының бірі. 

Өнеркәсіп - фото Зайсан ауданы әкімдігінен (3).jpg
Жалпы елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін жобалар мен бағдарламалар жүйелі іске асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап көрсеткендей шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі. 
 - Шынымен де ауданда ауыл шаруашылығымен қатар шағын және орта бизнестің дамуы да аса қажет. Осылай кәсіп ашып, халықты жұмыспен қамтып, дамытып, игілігін көрем деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Аудан тұрғындарын өз ауданымызда шығарылып жатқан өнімді тұтынуға шақырамын, - дейді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин. 
Аудан әкімі кәсіпкердің шағын кәсібін дамыту үшін заңдылыққа сәйкес құжаттарды реттеп, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалалар арқылы несие алуға бағыт-бағдар беруді жауапты мамандарға тапсырды.
Следующая →