Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен, Семей, Аягөз қалаларында қатаң шектеу шаралары енгізілді

ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Турдиев 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Қаулы бойынша CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде: Өскемен мен Семей қалаларында  және Аягөз ауданында 2021 жылдың 23 сәуірнен бастап 03 мамырға дейін  қатаң шектеу шаралары ұзартылады,  деп хабарлайды  Устинка LIVE тілшісі.

Сондай-ақ, Бас санитариялық дәрігер ШҚО-ға Алматы облысы тарапына қойылатын - 2 , Қарағанды облысы тарапынан қойылатын - 1,  "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің, Аягөз ауданында 2 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін  қамтамасыз  етуді тапсырды. 

- Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) және Аягөз ауданының аумағына (-н)  келуіне/кетуіне тыйым салынсын, - делінген құжатта.

Тәуекелі жоғары аймақтан ("қызыл" аймақтан),  ШҚО-ға келетін адамдарда санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.

Өскемен, Семей қалаларында, Аягөз ауданы, нысандардың қызметі "қызыл" аймақ критерийлеріне сәйкес Қаулының жаңа 4 қосымшасында көзделген критерийлер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Атап айтқанда, облыстың жоғарыда аталған үш аймағында:

    • Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік және  азық-түлік сатпайтын базарлары сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді. 
    • Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сататын жіәне сатпайтын базарлар  сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді.
    • Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жұмыс күндері сағат 21.00-ге дейін жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді. 
    • Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер) қызметтері шектеусіз. 
    • Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер) қызметтері шектеусіз. 
    • Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайлардағы) аптаның барлық күні сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.  Фудкорттарға уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін тек тамақты алып кету мен жеткізуге ғана рұқсат етілген.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері/ұйымдарда 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту. 

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11-ш (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерін сақтау)

Қызметкерлердің қашықтан жұмыс жасау формасы келесі форматта сақталады: 20% - күндізгі режим, 80% - қашықтағы режим.

Сауна мен моншалар сенбі-жексенбі жұмыс істемейді. 

Меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары демалыс күндері жұмыс істемейді. 

Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу тыйым салынған. 

Фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндер, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. 

Мәдениет объектілері (мәдениет үйлері) театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары жұмысына тыйым салынған. 

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле кентіне, Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін маршруттарды және қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда, облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Следующая →