Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Журналситік зерттеудің отандық тәжірибесі

Заман талабына сай журналитік зерттеудің маңыздылығы күн сайын артып келеді

Осыдан 150 жылға жуық ерте басталған жанр саласының қоғамға берері мол. Журналистік зерттеудің алғашқы іргетасы АҚШ-та қаланып, кейін өзге мемлекеттерге тарала бастады. Ақпарат құрылымы әлі толық қалыптаспаған уақыттың өзінде алғашқы зерттеуші журналистер өзі көріп-білген оқиғаларға куәгер ретінде материалдар жазып қалдырды. Отандық зерттеу журналистикасының көшбасшысы ретінде Шохан Уалиханов "Жоңғария очерктері" еңбегін, Спандияр Көбеевтың "Қалың мал", Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қамар сұлу", Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақ білек" романдарын атап өтуге болады. Бұл шығармалар әдеби нормаға сай жазылғанымен жазушы қаламгерлер өздері көріп-білген қоғамның барлық қырын бір арнаға толықтырып зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. 

Отандық зерттеу журналистикасының келесі толқынына қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары "Қазақ", "Серке", "Қазақстан" газеттері мен "Айқап" журналын қосуға болады. Бүгінде жаңа заманғы Қазақстан Республикасының баспасөз саласы газет, журнал, радио, телеарна, сайттарда жарияланатын ақпараттар жиынтығын құрайды. Qazaqstan ұлттық телеарнасы, Хабар агенттігі, Хабар 24, Астана ТВ, 7 Арна, 31 Арнада берілетін түрлі бағдарламалар мен жаңалықтар қызметінде журналистік зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Qazaqstan ұлттық телеарнасы 2019 жылы 12 желтоқсаннан бастап журналист Нұрбек Бекбаудың журналистік зерттеулерін көрерменге ұсынды. Жарты жылға жуық уақыт көлемінде 10 зерттеу ақпараты халықтың ыстық ықыласына бөленді. Жалпы журналистік зерттеудің сот жүйесімен ешқандай қатысы жоқ. Журналистің қолында заңды, азаматтарға айып тағатын құқық қарастырылмаған. Ол тек айыпкер мен айыптаушы арасындағы байланыс негізінде жүзеге асқан қылмыстық істі нақты деректермен дәлелдеуге атсалсады. Түйткілді мәселенің оң шешімді жолын көрсетеді. Сауатты жасалған журналистік зерттеулер арқылы халық пен билік арасындағы қарым-қатынас, заң жобалары, мемлекеттік бағдарламалар, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер талқыланады. Шығарылған қорытынды шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылып, қоғам талқысына салынады. 

Ақсұңқар Ташпулатова, 
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 
өнер академиясының 4-курс студенті


Следующая →