Суға батып кеткен екінші балықшының денесі табылды
Өткен жылдың қарашасында Қара Ертіске балық аулауға аттанған екі балықшы үйлеріне оралмаған болатын
Олардың бірінің денесі өткен аптада табылса, екіншісінің мәйітін бүгін судан алып шықты
2021 жылғы су 19 сәуірде Тарбағатай ауданы Зайсан көлінде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен 1990 жылы туған екінші балықшының денесін тауып, судан шығарды.
Следующая →
2021 жылғы су 19 сәуірде Тарбағатай ауданы Зайсан көлінде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен 1990 жылы туған екінші балықшының денесін тауып, судан шығарды.
- Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 20 қарашасында балық аулауға шыққан екі ер адам үйге оралмады. 26 күн ішінде құтқарушылар16 291 ш.м. ауданға сүңгуірлерді жіберіп іздегенімен, жұмыстар нәтиже бермеді, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап ШҚО ТЖД күштері іздестіруді қайта бастады, нәтижесінде сол күні құтқарушылар 1981 жылы жазатайым оқиға орнынан 30 шақырым жерде суға кеткен адамның денесін тапқан болатын.