Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Абай ауданындағы мәдениет үйі мерзімінде қолданысқа берілмек

Өткен жылы Жарма ауданына қарасты Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа Мәдениет үйінің құрылысы бастау алған болатын

Бүгінде мектеп толықтай жөнделіп, жаңа кейіпке енген. Ал Мәдениет үйінің құрылысы мерзімінде аяқталады деп жос-
парлануда. 
- Өткен жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңа Мәдениет үйінің құрылысы бастау алған болатын. Көп жылдар қатарынан шешімін таппай келген Бақыршық орта мектебі ғимараты толықтай жөндеуден өтіп, білім ордасы толықтай жаңа кейіпке енген. Кентке жасаған сапарымда осы нысанда болып, мектептің жаңа мүмкіндіктерімен таныстым. Оқушылар заман талабына сай барлық жағдай жасалған жылы әрі жарық білім ордасында оқып жатқандығына қуанышты. Мектеп ұжымы ендігі кезекте мектеп алды мен маңайын көріктендіріп, көгалдандыру жұмыстарын жоспарлап отыр, - деп жазды Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Сондай-ақ, аудан әкімі 400 орындық Мәдениет ошағы құрылысымен де танысып қайтты. Бүгінде нысанның іргетасы қаланып, темір құрамалардан тұратын негізі тұрғызылған. Аудан басшысының айтуынша, жауапты мердігер жұмысты кешенді жүзеге асыра отырып, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді жоспарлап отыр.
Следующая →