Стильді киіну үшін көп қаржы қажет пе?
Стилист Бұлбұл Қалқанбаева: "Стиль - ішкі дауысыңыздың көрінісі"
"Киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады" дегендей, жарасымды, сәнді киіну қай заманда да өзекті болмақ. Адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайтымыз да шындық. Өзіндік стилімен әдемі киінген адам кімге ұнамайды дейсіз? Осы орайда қыз-келіншектерді үйлесімді, тартымды киінуге баулып жүрген, әлеуметтік желіде "қап-қазақша стилист" атымен танымал стилист Бұлбұл Қалқанбаевамен сұхбаттасып, сән әлемінің қыр-сырына қанық болдық.
Сән мен стильге деген қызығушылығыңыз қашан оянды?
- Әдетте қыздар айтып жатады ғой: "сәнге бала кезден қызықтым", "жиырма қуыршағым болды", "күніне он көйлек айыр-бастайтынмын" деп. Жоқ, менде олай болмады. Жалпы дұрыс киіну керектігін, әдемілікке құштар болуды ішкі дүнием сезінетін. Қыз бала болғасын әдемілікке құштар болу қалыпты дүние ғой. Бірақ біз кеңес заманында тәрбиеленген ата-ананың балаларымыз ғой. Ата-ана киімің таза, жыртық болмаса болды деп, "сұлуынан жылуы" деген ұранды ұстанып келді. Кейін қалаға оқуға келіп, үлкен өмірге араласқан соң олай емес екендігін түсіндім. Ең бірінші келген кезде қандай аудитория болмасын, жұмысқа алатын орта болсын, достарың болсын, кез келген орта бастапқы 3-4 секундта сені киіміңе қарап бағалайтынын көрдім. Әсіресе сол дүниені бала күтіміне байланысты үйде отырғанда байқай бастадым. Бүкіл әлем көшіп бара жатқандай күй кештім. Күйзеліс аналардың барлығында болады ғой. "Қалай сәнді киінуге болады?" деген сұраққа жауап тапқым келіп, іздене бастадым. Стильге қатысты оқулықтарды қарай бастадым. Ол кезде ақпарат та аз болды. Екатерингбургте "Высшая школа стиля и имиджа", украиналық Маргарита Муратованың "Персоналды стилист" курсын оқыдым. Қазір мен персоналды стилиспін.
Блогты қазақша жүргізіп бастағанда қандай қиындықтар туды?
- Әрине блогты қазақ тілінде жүргізіп бастағанда біраз қиыншылықтар болды. Қаладағы орта орыс тілді болды ғой. Ең бірінші орыс тілді Өскеменде "қазақша блогымды кім керек қылады?", "орыс тілді ортаға мен керекпін бе?", "мені оқитын адам бола ма?" деген қорқыныш болды. Мүмкін орысша жүргізуім керек шығар деген ойлар да келді. Мен Зайсан жақтың қызымын ғой. Қазақ тілді ортада туып өскенен кейін, маған орысша сөйлеу ауыр еді. Ауызекі тілде сөйлегенмен, блог жүргізуге тіл байлығымның жететініне күмәнім болды. Екінші үрей біздің қазақ қыз-келіншектерінің "тұрмысқа шықтым, бала тудым, маған стиль не керек?" деген ұстанымы маған кішкене кедергі болды. Бірақ түптің түбінде бәріміз әдемілікке құштармыз. Жай үйге киетін көйлегіміздің өзі әдемі болғанын қалап тұрамыз. Ол шындық. Байқайсыз ба, тіпті, 8 наурыздың өзінде әйел заты әдемі көйлек кисе, бүкіл әлем бақытты болып кетеді. Сонда бір көйлектің, әдемі киімнің энергетикасы қандай? Осы екі қорқыныш болды. Тәуекелге бел буып, блогты қазақша жүргізе бас-тадым. Міне, қазақша стиль туралы блогымды екі жыл көлемінде жүргізіп келемін. Еш өкінбеймін. Мақсатыңа жету үшін ешнәрседен қорықпау керек екен. Мен қазақша сөйлеп жатқанда көп адамдар түсінбейтін. Бізде фотографтар да, операторлар да орыс тілді ғой. Бірақ сол ортаға кіріп, осындай қадамдарды жасағанымның өзін үлкен жетістік деп са-наймын.
Қаладағы блогерлердің көпшілігі орыс тілді. Олараға деген көзқарасыңыз?
- Қаламыздың көп блогерлерін танимын. Орыс тілді, тіпті екі тілді қатар алып жүрген блогерлер де бар. Мен ешқашан оларға "сен неге қазақ тілде жүргізбейсің?", "қазақ тілін неге ойламайсың?" деп шүйліккен емеспін. Мықты блогер қыздарды білемін. Ұлты қазақ болса да, аудиториясы орыс тілді. Олардан керісінше идея, мотивация аламын. Соңғы кезде қазақ тілді блог өте жақсы дамып келеді. Аудиторияның талабы да өсуде. Қазір, тіпті, орысша сөйлеп жүрген блогерлердің өздері, қазақша сөйлей бастады. Сондықтан болашақта олар да қазақша блог жүргізеді деп сенемін.
"Сән өтеді, ал стиль қалады" деген атақты Коко Шанельдің пікірімен келісесіз бе?
- Келісемін. Сән деген ол көшпелі керуен. Сән деген келген тренд. Мысалы, кюлот, бомбер сәнге шығуы мүмкін. Оның барлығы келуі мүмкін, кетуі мүмкін. Ал стиль -
ол сіздің ішкі дауысы-ңыз. Өзіңізді әлемге қалай көрсеткіңіз келеді, соның айнасы. Ол әрқашан сәнге қарағанда бірінші орында тұрады және әлдеқайда маңыздырақ. Сіз қандай киім кисеңіз де, өзіңізге қонымды, жатық дүниені киесіз. Өйткені сіздің стиліңіз сол. Адамның стилі өмір бойы өзгеруі мүмкін. Жас кезінде бір бөлек, орта жаста басқа болуы ғажап емес. Өмір сүру стиліңізге қарай ол өзгеруі мүмкін. Бірақ өзгерген күннің өзінде жалпы стилі қалады.
Биылғы көктем мен жаздың трендтерін атап кетсеңіз?
- Тренд те ауысып отырады ғой. Дегенмен белгілі бір өлшемде біз оны ұстануымыз керек. Әрбір қыз-келіншектің гардеробы 80/20 деген пайызды ұстануы тиіс. Гардеробтың 80% базалық киім болса, 20% трендтегі киім болғаны дұрыс. Тренд сіздің заманмен үндес, яғни заманауи талғамыңызды көрсетеді. Биыл халық пандемиямен қоса сұрқайы сұрғылт киімдерден де жалықты. Ал қоғамда болып жатқан өзгеріс сәнге тікелей әсер етіп, сәннен көрініс тауып отырады. Қазір күлгін түстің барлық реңкі, сары, тоқсарының қанық түстері сәнде. Образға ерекшелік беретін аксесуарлар сәнде. Кең киімдермен бірге денеге сәл жабысып тұратын киімдер де сәннен шықпайды. Мысалы, бұрын пиджак пен көйлекті кең қылып киетін болсақ, қазір кішкене жабысыңқырақ қылып кию сәнді. Көлемді қол, жағалар және тор (сетка) сәнде. Ол киімнің сыртынан киілетін тор немесе белдік түрінде болатын тор болуы мүмкін. Одан бөлек бра-жейделер (топ), қысқа жейделер(топ) трендте қала бермек.
Қыз-келіншектерге өз талғамын қалыптастыруда қандай кеңес бересіз?
- Заманмен бірге тыныстау, кез келген жерде абыройлы болу, арман-мақсатыңызға тез жету үшін ішкі дүниеңізге сыртқы келбетіңіз сай болуы тиіс. Сән сарапшысы Эвилина Хромченко айтады ғой: "Бір мәнсапқа жеткің келсе, жетіп қойғандай киін". Бұл жерде әдемі киінудің маңыздылығын меңзеп тұр ғой. Қыз-келіншектер өз талғамын қалыптастыру үшін ең бірінші өзінің ішкі дауысын тыңдауы керек. "Мен нені қалаймын?" деген сұраққа жауап іздеу қажет. Екінші, өзінің өмір сүру әдебін ескеруі тиіс. Ол декреттегі ана ма, іскер әйел ме өзінің нақты образын айқындап, соған қатысты гардеробты құруы керек. Мысалы, сіз егер бала күтімімен үйде отырған ана болсаңыз, гардеробыңыз той көйлекке толып тұрмауы тиіс. Әсіресе қыз баласы бар аналарға айтқым келеді: қыз бала сізге қарап бой түзейді. Сол үшін сіз оған барлық жағынан үлгі бола білуіңіз керек. "Өз стиліңді қалыптастыру үшін көп ақша керек" деген сылтау ғана. Аз ақшамен де әдемі киініп жүргендерді білемін. Талғам бұлшықет сияқты. Оны жаттықтыруға болады. Маған жүгінген клиенттерден байқағаным, қазақтың қыз-келіншегі күнделікті күйбең тіршілікке көп көңіл бөледі. Өзіне келгенде ақшасын аяйды. Жеке басын құрметтейтін келіншек ешқашан олпы-солпы киінбейді. Киімнің жарасымды, ыңғайлы болуы адамға сенім беріп, көңіл-күйін көтереді. Талғам қалыптастыру үшін "Tiffany-дегі таңғы ас" (Блэйк Эдвардс), "Әзәзіл Prada киеді" (Дэвид Френкель) және сән мен стиль туралы басқа да фильмдерді көруге, Ботти Томастың “Измени свой гардероб, изменится и жизнь”, Анушка Риздың “Умный гардероб”, Наталия Найденскаяның “Мода. Цвет. Стиль”, Ллойд Бостонның “Я всегда знаю, что надеть!” кітаптарын оқуға кеңес беремін.
Следующая →