Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде жаңа қоқыс полигоны ашылмақ

Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бірлесіп Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа жобаны жүзеге асырмақшы

Бұл жоба экологиялық тұрақты инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы "Жасыл қалалар" бағдарламасы аясындағы алғашқы жобасы болмақ. Осы орайда алаштың астанасы Семей қаласындағы қоқыс қалдықтары төгілетін полигон мәселесі сөз болды. Тың жоба қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату мәселесін түбегейлі шешуге, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеудің жоғары деңгейіне жеткізуге арналған. Нәтижесінде СО2 тәрізді артық заттардың қоршаған ортаға зиянын 40%-ға дейін төмендетеді.

Облыс әкімдігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, бүгінгі таңда Семей қаласында аумағы 69,11 гектарды қамтитын қоқыс полигоны жұмыс істеп тұр. Ондағы қалдық 23 жыл бойы топырақ пен ауаны ластап, айтарлықтай зардабын тигізіп тұр. Ал қала тұрғындары айына бір рет төлейтін орташа тариф мөлшері 200 теңгеден асады.
- Экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, полигон-ның жанында орналасқан бақылау ұңғымалары жерасты суларының сапасы тиісті санитарлық нормалардан едәуір төмен. 2023 жылға қарай дәл осы полигон санитарлық стандарттарға сәйкес жабылуы тиіс. Осыған байланысты, барлық қажетті стандарттарға сай келетін, жаңа қоқыс полигонын ашу күн тәртібінде тұрған өте өзекті мәселе және бұйырса ол ашылатын болады, - деп пікір білдірді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қоқыс төгу аймағы басшысының айтуынша, дәл осы полигонды халықаралық әуежайға жақын орналасқаны үшін де жабу керек.
- Прокуратураның талаптары мен ұйғарымына сәйкес әуежайға дейінгі 15 шақырым жерде қоқыс аумағы болмауға тиіс. Аталмыш ереже бойынша 15 шақырым қашықтықтан жаңа қоқыс полигоны орналасатын жер телімі белгіленді. Алайда оның құрылысы 2023 жылға дейін жалғасатын болады. Демек, ол уақытқа шейін біз осы жерде жұмыс істей береміз, - деді Рафаиль Хазипов.

Следующая →