Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ардагерге алғысыңды хатпен жеткіз

ШҚО-ның кез келген тұрғыны Ұлы Отан соғысы ардагеріне хат жазып, ыстық ықыласын білдіре алады

Санаулы ғана апталардан кейін бүкіл дүние жүзі бойынша ең маңызды мейрамдардың бірі - Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. 

Әсіресе бұл мерекені Екінші Дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері асыға күтетіні анық. 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 76 жыл болады. Бүгінде көзі тірі ардагерлеріміздің жасы 90-нан асып 100-ге жеткен. Жүріп-тұруы қиындаған қариялар отбасы - ошақ қасы, туған туыс, көрші-көлемнен ары аса алмайды. Алайда бүгінгі ұрпақ бейбіт күнді жақындатқан олардың әрқайсының ерлігіне құрмет көрсетіп, ұмытпауы керек. Осы орайда облыстық "Устинка плюс" газеті мен ШҚО Архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорық бірлесіп "Ардагерлер мен тыл ардагерлеріне хат жаз" жобасын бастады.
- Оқырмандарды, әсіресе оқушылар мен жастарды, Ұлы Отан соғысына қатысқан туысы, көршісі немесе ауылдасына жылы лебізін, құттықтау тілегін білдіріп хат жазуға шақырамыз. Хатты суретімен бірге редакцияға жолдау қажет, - дейді музей-қорықтың ағарту және көпшілік жұмыстар бөлімінің әдіскері Владимир Щеглов. - Бір адресатқа бірнеше адамнан хат келсе де міндетті түрде облыстық "Устинка плюс" газетінде жарияланатын болады. 9 мамыр қарсаңында газет бетінде жарияланған жүрекжарды хат иесіне табысталады.
Айта кеткен жөн, бұл байқау немесе сайыс емес. Сәйкесінше, хат жазған адамға ешқандай орын немесе сыйлық тағайындалмайды. Басты мақсат - қатары онсыз да жылдан жылға сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің жанын жылы сөзімізбен жылытып, ешкімнің де ешқашан ұмытылмайтындығын сезіндіру. Өйткені бүгінде қарияларға жан жылуынан, мейірім мен махаббаттан, құрметтен артық сый жоқ.
Следующая →