Аязды күні тұрғындарға көмектескендер марапатталды
Шығысқазақстандықтар ірі қайраткердің назарын былтырғы қыста тұрығндарға көмектескені үшін аудартқан
Шығысқазақстандық бес азаматқа ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Алғыс хаты табыс етілді, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі. Азаматтар аязды күндері 200-ден астам адамға қол ұшын созғаны үшін марапатталған.
Следующая →
- Аяз кезінде олар тұрғындарға нақты көмек көрсетті, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде. - Қаңтар айында облыста әдеттен тыс суық орнаған кезде ауа температурасы -30 градусқа жеткенде, олар жолаушыларды аялдамалардан алып, үйлеріне өз көліктерімен жетуге көмектесті. Екі күн ішінде біздің заманымыздың бұл батырлары 200-ден астам адамға көмектесті.ҚР Төтенше жағдайлар министрінің атынан алғыс хаттар Виктор Бобровскийге, Дмитрий Волженинге, Андрей Ливериновқа, Марина Ливериноваға және Александр Самойловқа тапсырылды. Марапаттау рәсімі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайларды бақылау департаментінде өтті. Хаттарды Департамент басшысы Ерлан Нұрпейісов пен "Ақ жол" ҚДП облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Талғат Құрманғалиев тапсырды.