Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейлік өнертапқыш оқушылар ерекше эко-робот жасады

"Ақыл - жастан, асыл - тастан" дегендей, семейлік өнертапқыш оқушылар ерекше эко-робот макетін жасап шығарды. Аталған жоба өңіріміздегі экология мәселесін шешуге оң әсерін тигізбек

Өңіріміздегі өзен-сулардың ластану мәселесі өнертапқыш оқушыларды да бейжай қалдырмады. Аружан Қаймолдина мен Нұрбол Мақтаев өзен-суларды қоқыстан тазартатын эко-робот макетін жасаған. Ондағы мақсаттары - су қоймаларының ластануы мәселесін шешуге атсалысу. 
- Бүгінде жер шарындағы су қоймаларының ластануы ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл осы саламен айналысып жатқан белгілі бір мамандарды ғана емес, бізді де алаңдатады. Осыған байланысты қайта өңделген пластикалық бөтелкелерден өзен-суларды қоқыстан тазалауға арналған робот макетін құрастыру туралы ой келді. Негізгі тіршілік көздерінің бірі - судың ластануы туралы ақпаратты алғаш оқығанымда өз көзіме өзім сене алмадым. Осының барлығы адамның, яғни, өзіміздің қолымызбен жасалатындығы өте өкінішті. Сол үшін қалайда бір әрекет жасауды ұйғарып, осы жобамен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап айналыса бастадым, - дейді Аружан Қаймолдина.
Аружан Қаймолдина мен Нұрбол Мақтаев жобаларын Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін жас өнертапқыштар байқауына ұсыныпты.
- Идеямды жыл сайын Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін жас өнертапқыштар күнінде көпшілік назарына ұсынып келдім. Қорғаған жобам сайыста жеңіске жетіп, ұстаздарымыз бен достарымның қызығушылығын тудырды. Осының барлығы менің макетті жасауыма жетеледі. Дегенмен макетті жасау барысында көмекші қажеттілігі сезіліп, Нұрболға ұсыныс жасадым. Ол қолдау білдірді. Жобаны жасау барысында біршама қиныдықтарға жолықтық. Себебі қазылар алқасына әрбір жұмыстың атқаратын рөлін толық баяндауымызға тура келді, - дейді 9-сынып оқушысы.
Өнертапқыш Нұрбол Мақтаев бұған дейін де бірнеше жобалар қорғап, жүлдегер атаныпты. 
- WRO-2020 дүниежүзілік LEGO роботтар олимпиадасының жүлдегері атанғаным да бар. Бұған дейін бірнеше роботтың макетін әзірледік. Біздің мақсат - судың бетінен және оның түбінен қоқыс жинайтын және сонымен бірге су қоймасының экологиялық жағдайын бақылайтын роботтандырылған кешен құру. Біз алдымен жұмыс моделін жасай бастадық. Роботтандырылған кешеннің өзі екі бөлікке бөлінді: аэроқайық және жылжымалы қалқымалы механизм. Аэроқайық роботты кешенді су қоймасы арқылы берілген маршрут бойынша жылжыту функциясын орындады. Жылжымалы қалқымалы механизм су астындағы және бетіндегі қоқысты жинауды қамтамасыз етеді. Біздің роботтандырылған кешен су астындағы және үстіндегі қоқыстарды жинап, бейнекамералар көмегімен су асты әлемінің жағдайын, оның фаунасы мен флорасын бақылайды, - деді 11-сынып оқушысы Нұрбол Мақтаев.
Өнертапқыштар жобаны патентке ұсынуды да көздеп отыр. 
- Ендігі жоспарымыз токсиндер мен зиянды химиялық қосындылардан тірі ағзаларға залал келтірмейтін немесе суды тазартатын химиялық заттарға IGW қосу. Сонымен қатар, жобаны жетілдіріп, "Дарын" сайысына қатысып көргіміз келеді. Жобаны патентке ұсынуды да көздеп отырмыз, - дейді жас өнертапқыштар.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Семей Эко-робот