Көкпекті ауданында жас мамандар жетіспейді
Көкпекті аудандық жастар ресурстық орталығында "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті
Шараның мақсаты жастар арасында жұмыссыздықты жою және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен түлектердің ішінен жұмыс іздеп жүрген жас мамандарға қолайлы жұмыс орнын табуға көмектесу.
Следующая →
- Көкпекті ауданы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Ауданда 26 998 адам шоғырланған. Оның ішінде қазіргі уақытта 5190 жас тұрғын бар. Аудан орталығында және ауданға қарасты ауылдарға жас мамандар қажет. Ветеринария, медицина, спорт, мәдениет және білім беру салаларына мамандар жетіспейді, - дейді Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Фархат Маратұлы.Соңғы статистикаға сүйенсек, ауданда медицина қызметкерлері, ұстаздар және мемлекеттік қызметкерлер жетіспейді. Нақтырақ айтқанда ауданға 39 ұстаз, 10 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметкерлер қажет.
- Жалпы ауданда "Дипломмен ауылға" жобасымен келген жастарға жақсы мүмкіндіктер жасалуда. Мемлекеттік бюджеттен биыл 28 адамға ауылдық округтерден үй алуға 122 млн теңгеден астам, ал 24 жас маманға көтерме жәрдемақыға 7 млн теңгеден астам қаражат бөлінген, - дейді Көкпекті аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Ақытбаев.Айта кетейік, биыл ауданда 44 пәтердің құрылысы аяқталып, Самар ауылында 29 пәтер мен бассейн салынбақ.