ШҚО-да қар жамылғысындағы ылғал қорының мониторингі жалғасуда
Қар жамылғысындағы су қоры еріген су ағысының ұзақ мерзімді болжамдарында қолданылатын маңызды сипаттама
Жақында Шығыс Қазақстан облысына келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің тапсырмасы аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары жол талғамайтын техникамен қар жамылғысындағы ылғал қорын анықтау бойынша өлшеулерді орындау үшін "Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының мамандарын жеткізген болатын. Қар жамылғысындағы су қоры еріген су ағысының ұзақ мерзімді болжамдарында қолданылатын маңызды сипаттама.
Мамандар Шүлбі су қоймасына келіп түсетін Ертіс өзенінің сол жақ жағалау сағаларында өлшеулерді орындау үшін "Өскемен қ.-Таврия а. – Привольное а. – Кіші Қарасу а. – Өскемен" бағытын тексерді. Қардың биіктігін өлшеу "М-103" типті қар өлшегіш тасымалды рейканың көмегімен жүргізілді, содан кейін әрбір 10-шы нүктеде қардың тығыздығын айқындайтын "ВС-43" қар өлшегішінің көмегімен қарды өлшеу жүргізілді.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ШҚО бойынша барлық жүру жолында қар жамылғысының ауданы 50% және одан төмен құрайды. Өлшеулер Восточное ауылы ауданында (Песчанка өзенінің бассейні) жүргізілді, қар жамылғысы 90%, қардың орташа биіктігі 35 см, қардағы су қоры -126 мм, Привольное ауылы ауданында (Коволевка өзенінің бассейні), қармен жабу алаңы - 70%, қардың биіктігі -83 см, су қоры -241 мм. Қардың жиналуы жер бедерінің төмендеуі мен шағын жыраларда байқалады.
Осы зерттеулердің нәтижелері күрт жылынған және жауын-шашын көп болған жағдайда өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын көрсетеді.
Следующая →