Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы ауадан бақыланады
Жұмыс тобы өңірдің кейбір аудандары бойынша гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізді
Мамандар "Еврокоптер ЕС-145" тікұшағымен Өскемен-Глубокое ауданы – Шемонаиха ауданы - Өскемен бағыты бойынша ұшып шқықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Барлық зерттелетін аумақта қар ерудің бастапқы кезеңі жүруде. Өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі, жиі су тасқыны, мұзға шықпайтын өзендердің ашық учаскелері және жағалау аумақтарын су басуда, - деп атап өтті ШҚО ТЖД. - Ертіс өзенінде Өскемен су қоймасынан Глубокое ауданының Березовка ауылына дейін мұз жоқ, су қоймасының арнасынан судың шығуы байқалмайды. Шүлбі су қоймасының барлық алаңында мұз қатуда.Су тасқыны жағдайын бақылау үшін өңірде 53 гидробекетті қамтитын бақылау жүйесі жұмыс істейді. Көпжылдық синоптикалық болжам бойынша, ШҚО-да су тасқыны әдетте наурыздың екінші онкүндігінде басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін жалғасады. Өзендердегі су деңгейінің көтерілу қарқындылығы және көлбеу ағындардың пайда болуы ауа температурасының күрт көтерілуіне және жаңбыр түрінде жауын-шашынға байланысты артуы мүмкін.