Сәуір айында Өскемендегі жолдар жөнделе бастайды
Әкімдікте атап өткендей, қалада проблемалық жол орындары жеткілікті, бірақ әлеуметтік желілерде және есеп беру кездесулері кезінде ең көп шағым түскен жерлер ғана қалпына келтіріледі
Биыл Өскеменде 12 учаске жөнделеді,деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмыстарды орындауға арналған шарттар сегіз учаске бойынша жасалды. Олар: М.Горький, Космическая, Сейфуллин, Мостовая, Славский көшелері (Ертіс көпірінен Әуезов даңғылына дейін), Тынышпаев және Волгоград көшелері, Сәтпаев даңғылы (Жібек Жолы көшесінен Ертіс көпіріне дейін).
Конкурстық рәсімдер тағы төрт учаскеде жалғасуда: Гагарин бульвары, Лихарев көшесі, Лев Толстой және Красин кентінен Лесхозға дейінгі жол.
Следующая →

- Биыл әрбір нысан бойынша жұмыстардың басталуы мен аяқталуы нақты реттелді, - деп атап өтті Өскемен әкімдігінде. - Жол жұмыстары сәуір айынан кешіктірілмей басталып, барлық учаскелерде осы жылдың шілде айының басына дейін аяқталады.