Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ТЖД құтқарушылары бір апта ішінде 13 өрт сөндірді

2021 жылғы 20-26 наурыз аралығында облыста 13 өрт болған. Оның 8-і тұрғын секторында, 1-еуі шаруа қожалығының аумағында, 1 шатыр, 3 автокөлік өртенген

Өрттердің басты себептері пеш пен электр жабдықтарын пайдалану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу және отты абайсыз пайдалану болды. ШҚО ТЖД құтқарушылар атап өткендей облыста пәтер иелерінің пеш үстінде тамақ тастап кету жағдайлары жалғасуда, бұл қатты түтінденуге әкеп соғады. Кінәлілер көбінесе қарт адамдар, ұйықтап кеткен пәтер иелері мен ұмытшақ үй шаруасындағы әйелдер. 

ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін еске салады: 
-       Қосулы электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз; 
-       Отты абайлап пайдаланыңыз – төсекте жатып, лоджия мен балконда  темекі шекпеңіз; 
-       Электр сымдарын бір көзге бірнеше құралдарды қосу арқылы жүктемені арттырмаңыз; 
-       Зауытта жасалмаған электр сақтандырғышты, жасанды абажур, жарықтандыру шамын пайдаланбаңыз; 
-       жертөле мен шатырларда жанғыш заттар мен сұйықтық, түрлі тұрмыстық қоқыс, жиһаз, қағаз сақтамаңыз. 

Өрт кезінде 101, 112-ге хабарласыңыз. 

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД 13 өрт