Катонқарағай ауданында тай жарысы өтті
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінде Үлкен Нарын ауылында Катонқарағай ауданының ауылдық округтерінің қатысуымен бәйге өтті
Додада "Тай жарысы", "5 шақырым" және "10 шақырым" бойынша сынға түскен шабармандар бақ сынасты.
Следующая →
- "Тай жарысы" бойынша Тоқсанов Ерболаттың тұлпары мәре сызығын бірінші кессе, 2-орынды Асантаев Мұраттың, 3-орынды Калдаев Сержанның сәйгүліктері иеленді. Ал "5 шақырым қашықтық” бойынша 1-орын Алдабергенев Ибрайдың, 2-орын Болаев Мерейдің, 3-орын Амангельді Айдардың тұлпарларына бұйырды. 10 шақырымдық жарыста Касенов Дауренің "Көзайым" деп айдар таққан жануары өзгесін шаң қаптырды. Дәл осы шақырымда Тоқсанов Ерболаттың жануары 2-орынға, Асантаев Ерболаттікі 3-орынға ие болды. Сондай-ақ "Тай жарыстың" қорытындысы бойынша Алтынбек Николаевтың тайы "Үздік тай" номинациясын алды, - деп мәлімдеді Катонқарағай ауданы әкімдігіндегілер.Пандемияға байланысты ұйымдастырушылар барынша қауіпсіздік шараларын қатаңдатып, талапты күшейтіп өткізгенін айта кеткен жөн.
Тақырыптар:
Тай жарысы Катонқарағай Наурыз мерекесінде