ШҚО полицейлері тұрғындардың сұрақтарына жауап береді
Тәртіп сақшылары осы аптада бір күн бойы өңір тұрғындарына кеңес береді
Шығысқазақстандықтар 25 наурызда ШҚО Полиция департаментінде өз сұрақтарына жауап ала алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Келгендерге кеңес беру "Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні" аясында өтеді. Оны департамент басшылары мен аумақтық бөлімшелердің басшылары жүргізеді.
ШҚО ПД ғимараты Шәкәрім даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан.
Следующая →
- Акцияның мақсаты - кері байланысты қамтамасыз ету және халықтың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ "еститін" мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенім деңгейін арттыру, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.Ниет білдірушілердің жеке қабылдауын ПД басшылығы 10.00-ден 13.00-ге дейін Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде өткізеді. Аумақтық бөлімшелердің бастықтары осы уақытта кеңес береді. Департамент бастығы Сағат Мәдиевтің қабылдауына 23-42-11 телефоны бойынша жазылуға немесе электрондық поштаға хат жіберуге болады: n.mamyrbaeva@mvd.gov.kz.
ШҚО ПД ғимараты Шәкәрім даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан.