Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өртті 6 минут ішінде ауыздықтады

Бұқтырма кентінде отты абайсыз пайдаланғандықтан ер адам жазатайым бола жаздады

Кеше кешкісін Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны көршілес тұратын  1955 жылы туған әкесіне кіріп шықпақ болып үйіне бара жатқанда түтіннің будақтап жатқанын көреді. Дереу өрт сөндірушілерді шақырды. 
- Шақыру орнына келіп жеткен 20-ӨСБ қызметкерлері түтін жайлағын үйдң ішінен үй иесін алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады. 6 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады, өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. От төсек-орын, көрпе-жастықты шарпыған екен, - деп мәлімдеді ШҚО  ТЖД баспасөз қызметі.
Өрттің алдын ала болжамы - отпен абайсыз болу. 
Құтқарушылар үйде өртке жол бермес үшын мына ережелерді сақтау қажеттігін еске салады: 

    • ашық от көздері - сіріңке, оттық, майшам және темекімен абай болыңыз; 
    • арнайы орындарда ғана темекі шегіңіз;
    • электр желілері мен сымдарына артық жүктеме салмаңыз, электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз,  балаларға тапсырмаңыз; 
    • бүлінген сымдары бар, қолдан жасалған электр құралдарын пайдаланбаңыз; 
    • пешті тым қыздырмаңыз және оның үстіне киім, отын кептірмеңіз. 
      
Өрт шыққан кезде 101 немесе 112-ге хабарласыңыз.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Жаңа Бұқтырма ТЖД