Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Арманы - қазақтың тазысын әлемге майындату

Еленаның негізгі мамандығы инженер-құрылысшы. Қазір зоодүкен ашып, өз кәсібін жүргізіп отыр. Сонымен қатар, тазы иттердің жанашыры

Қаршадайынан ораманшы болып, атқа қонып, ит асырап туған жерінің тұмса табиғатын кезіп жүрсем деген арманы осы үй жануарына деген үлкен сүйіспеншілікті оятқан. Қазір Елена Хардина Қазақстан кинологтары одағының облыстық филиалының жетекшісі, Ұлттық тазы клубының президенті. 

"Неге басқа ит тұқымы емес? Неге тазы ит?" деген бірінші сауалға Елена былай жауап берді: 

- Ең бірінші өсірген ит тұқымым доберман болатын. Өзім белсенді адам болғандықтан, маған сондай ит тұқымдары жаныма жақын. Ең бірінші рет тазы итті 2016 жылы көрме ұйымдастырғанда көрдім. Рулиха ауылынан тазы өсірушілер үш әдемі ақ тазыны алып келді. Қатты ғашық болдым. Не үшін десеңіз? Біздің ата-бабаларымыз әмбебап тұқымды ойлап тапқан. Тазылар күнделікті өмірде өте салмақты.  Салмақты үй жануары тек табиғат аясында ғана күшейе түседі. Шапшаңдығы, иіс сезу қабілеті, күштілігі мен қырағылығының арқасында өз бетінше жыртқыш аңды тауып, иесі үшін алып келе алады. Яғни, аңшылыққа қарусыз баруға болады. Тағы бір қасиеті оның әдемілігі. Тазы өте әдемі тұқым. Көрмеде дұрыс күтім жасалмаған, шынжырдағы тазыны көргенде осындай сымбатты ит тұқымын бүкіл әлемге паш еткім келді.

3 анонс.jpg

Ұлттық тазы клубының президентінің жауапкершілігі қандай?

- Қазір Қазақстан кинологтары одағының Ұлттық тазы клубының президенті болып тағайындалғандықтан Қазақстан бойынша барлық тазы өсірушілерге көмектесіп, қолдауға тырысамын. Басқа өңірлерге қарағанда біздің облыста тазы өсірушілер өте белсенді. Иттерді түрлі көрмелерге қатыстырып, аңшылыққа шығып, оларға қажетті құжаттарын жасайды. Қазір біздің алдымызда үлкен міндет тұр, ол еліміздегі барлық тазы иттің үлкен базасын жинақтау. Менің арманым базаны жинақтап, оны халықаралық ұйымға тапсырып, осы тұқымды әлемдік деңгейде тіркеу.

Түрлі халықаралық көрмелерге қатысып, көптеген марапаттарға ие боласыз. Көрмелерге дайындалу көп күшті талап ете ме? 

- Асыл тұқыммен дұрыс жұмыс жасай білу керек. Иттерге арналған арнайы орындар болуы тиіс. Әдемі, күтімдегі итпен ғана көрмелерде топ жара аласың. Олармен аңшылыққа ғана барып қоймай, қандай да бір жағдайда өздерін салмақты ұстау үшін жаттығулар жасап тұру керек. 2016 жылы Мәскеуге "World Dog Show" дүниежүзілік көрмесінде біздің тазы жеңімпаз атанды. Мәскеуге барғанымда көліктер мен адам көп жүретін жерде өздерін әдепті ұстау үшін көрмеге барардың алдында екі ай бұрын тазыларымды барлық жерге бірге алып жүріп, жаттығулар жасадым. Егер тазымыз әлемдік деңгейде тіркелген болса, сол сайыста әлем чемпио-
ны болып оралушы едік. Менде түрлі оюлы қазақи ұлттық нақыштағы киімдер бар. Әр көрмеге қатысарда арнайы киімдер тіктіріп, ынтамды қойып дайындаламын. Көрменің маңыздылығына сай ұлттық киімімді киіп, иттерімді салтанатпен алып шығамын. Көрмелерде бәрінің көзі бірінші ұлттық киімімізге түссе, екінші тазыларыма түседі. Кейін сарапшылар мен көрермендер "Бұл қандай тұқымды ит?" деп сұрап, суретке түсіп жатады. Мен сонда бұл қазақтың тазысы деп мақтанышпен жауап беремін.

Елена Хардина (4).jpg

Мереке қарсаңында нәзік жандыларға не тілер едіңіз? 

- Шұғылалы көктем мерекесі - халықаралық әйелдер күнімен барша әйел затын құттықтаймын! Әрқашанда осындай нәзік, әдемі қалыптарыңыздан танбай, ешқашан ер адамның жұмысын мойындарыңызға алмай (күліп), еркектер еркек болып қалып, сіздерді аялай, қадірлей білсін! Ең бастысы ана болу бақыты барлықтарыңызға бұйырсын! 
Следующая →